тостағандар болса, азық-түлік сақтайтын су таситын, айран, сүт сақтайтын түрлері де бар.
Тұрақты мекен-жайлардан, қорымдардан алынған ыдыстар жасалу жағынан да, түрі
жағынан да бір-біріне ұқсас.
Жазба деректерге қарағанда үйсіндер жылқы ҿсіруге аса зор кҿңіл бҿлген. Үйір-үйір
жылқылары болған. Қытай қызына үйленген үйсін "ханы" шамасы "қалың мал" үшін болу
керек 1000 бас жылқы беретын болған. Екінші бір мҽселе жылқыға деген меншікті
кҿрсететін таңбалардың салынуы. Үйсіндер тіршілігінде жылқы ҿсіру басты орын алса,
оны сыртқы жаудан қорғану үшін атты ҽскер құруы да басты орын алғанымен түсіндіруге
болады.
Үй жануарларының ішінде түйе ҿсіруге де кҿңіл бҿлінген. Үйсіндер обасынан
табылған алтын жүзіктің үстінде шҿгіп жатқан қос ҿркешті түйенің мүсіні түйеге
табынғандықты байқатады.
Зираттардан алынған металдан жасалған құрал-саймандарға қарағанда үйсін
шеберлерінің темір, қола сияқты металдарды ұқсата білген ұсталар екендігін кҿрсетеді.
Тұтыну заттарының ішінде кҿп кездесетіндері қолдан жасалған тағалар,
қапсырмалар, біз, тебен сияқты ең қажет бұйымдар.
Сондай-ақ зираттардан ҿте кҿп кездесетін ҽшекей бұйымдар: ҽртүрлі қымбат бағалы
тастардан жасалған моншақтар, алқалар, алтын, күмістен жасалған сырға, білезік, жүзік,
қола айналар т.б. Ал ҽшекей бұйымдардың ішінде үйсін зергерлерінің тамаша бір
туындысы есебінде бізге мұра болып жеткен Ақтас-2 зиратынан табылған алқа мен
Қарғалыдан табылған тҽжі (диадема). Бұл бұйымдар ҿз кезіндегі үйсін тайпаларының ғана
рухани мұрасы болып қоймай, бүгінгі таңдағы олардың үрпақтары болып табылатын қазақ
халқының рухани дүниесіне айналып, музейден ҿздерінің тиісті орындарын алып тұр.
Осының ҿзі үйсін ҿнерінің дүние жүзі халықтарының ҿнеріне қосқан үлесі болып
табылады.
Тҽжінің ұзындығы 35 см, кеңдігі 4-5 см. Зергер тҽжіге жануарлар бейнесінің бірнеше
түрін салған. Олардың ішінде басым кҿпшілігі жыртқыш аңдар мен құбыжық
бейнеленген. Осындай шытырман дүниенің арасында қолына гүл үстаған адам түр.
Шамасы, шебер ҿмірде қандай ҽлейім заман болса да, оны адам баласының жеңетіндігін
суреттеп тұрғандай. Оған екінші дҽлел, құбыжықтың үстіне мініп алған адам оны
жеңгенін кҿрсетсе, ал бұғыға мініп алған адам бостандықтың белгісі тҽрізді
.
Жоғарыда сҿз
болған алтын сақинада шҿгіп жатқан қос ҿркешті түйе үйсін заманынан бізге жеткен
ҿшпес-ҿлмес зергерліктің қолтаңбасы. Қазақстан жеріндегі ерте кездегі ҿмір сүрген
тайпалардан қалған мұндай ескерткіштер бүгінгі қазақ халқының рухани дүниедегі
мақтанышы.
Алайда қымбат бағалы заттар, сҽн-салтанатты ҽшекей бұйымдар үйсін
қорымдарынан кҿптеп табыла бермейді. Жай заттардың ҿзі де кездеспейтін зираттар кҿп.
Оның ҿзі оларда ҽлеуметтік теңсіздіктің болғандығын кҿрсетеді. Мұндай жҽйт
деректемелерде де жазылған. Үйсіндер мемлекеттік дҽрежеде ҿмір сүрген. "
Достарыңызбен бөлісу: