Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті


Оқылым Мәтінді оқып, кестені толтырыңыз. [10]  Наурызым – қызғалдақтар мекені



Pdf көрінісі
бет35/63
Дата02.11.2023
өлшемі2,22 Mb.
#121425
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
Оқылым
Мәтінді оқып, кестені толтырыңыз. [10] 
Наурызым – қызғалдақтар мекені 
Қызғалдақтың көктеуі көктемнің жаршысындай. Ол көктемді қарсы алып, жазды 
шығарып салатын бірден-бір әсем гүл. Қазақстанның жабайы табиғатында қызғалдақтың 34 
түрі өседі. Оның 12 эндемикалық, яғни тек қана Қазақстанның жабайы табиғатына ғана тән 
өсімдіктер. Ал Наурызым қорығында қызғалдақтың 4 түрі кездеседі. Атап айтар болсақ
шренк қызғалдағы, қосгүлді қызғалдақ, жатаған қызғалдағы, биберштейн қызғалдағы. Бұл 
қызғалдақтардың 4 түрі де «Қызыл кітапқа» енгендіктен ерекше қорғауға алынған, жұлуға 
рұқсат етілмейді. Жұлған жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 
тарапынан жазаланады. 
Ғалымдардың айтуынша, Қызғалдақтың пиязшығы Ұлы Жібек жолы арқылы 
Қазақстаннан Түркияға, одан әрі Голландияға кеткен көрінеді. Шындығында аталмыш гүлдің 
қазақ даласынан бүкіл жер жүзіне таралғандығына бүгінде көзіқарақты ғалымдар нақты 
дәлелдер келтіруде. Қазақтың дархан даласынан тараған қызғалдақ ертеректе көбейіп, көпке 
қуаныш сыйласа, ал бүгінгі күні оның саны күрт азайып кеткен. Көз тартар керемет көркем 
қыр гүлін шамамыз келгенше жұлмай тамашалауға да болады. Сөз соңында айтарымыз қыр 
гүлінің ғұмыры ұзақ болғай демекпіз. 
https://naurzum.kz/stati/yz-alda-ty-otany-aza-stan
 
1. Мәтін қай стильде жазылған? 
А) ауызекі сөйлеу стилі 
В) ғылыми стиль 
С) көркем әдебиет стилі 
D) публицистикалық стиль [1] 
2. Мәтіннің жанрын анықтаңыз. 
А) әңгіме 
В) драма 
С) мақала 
D) поэзия [1] 
3. 
Мәтіннің стилін айқындап 
тұрған тілдік ерекшеліктерді 
теріп жазыңыз. 
4. 
Мәтіннің құрылымын талдап 
жазыңыз. 
5. 
Мәтін қалай рәсімделген? 
6. 
Мәтінді 3 сөйлеммен 
қорытындылаңыз. 
[8] 


51 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет