Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті


«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет33/63
Дата02.11.2023
өлшемі2,22 Mb.
#121425
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 
 Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер 
2-нұсқа 
Тыңдалым мен айтылым 
Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен салыстыра 
отырып талдаңыз, негізі ойды анықтап айтыңыз.
[10] 
А мәтіні 
Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны 
Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми 
тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл 
өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма 
атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған 
жемісті әлемге тарту етті. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек 
жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. 
Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем 
қалалардың бірі Алматы деп аталды. 
Әр нәрсенің де Отаны болады. Бұл орайда біздің қазақ мақтана алады, әлем 
ғалымдарының айтуынша, есте жоқ замандардан бері жасап келе жатқан алма ағашы басқа 
жерлерге о басында қазақ жерінен барған. Оның мұнда, біздің аймақта өсе бастағанына 50 
миллион жыл болды. Оны ғалымдарымыздың өздері айтады. Алма – таулы, сулы жердің, 
қызғалдақ – қырдың, көктеудің, маусымдық қоныстың сәні болды. Екеуі де көктемде гүлдеп, 
қазақ даласын әсем бір күйге бөлейді. Тау тағылары тауешкі, бұғы, арқарлардың жабайы 
алмадан қорек тапса, халқымыз өзінің халықтық білімінде оның емдік қасиетін танып, түрлі 
ем-домдарға қолдана білді. Байырғы қазақтар жабайы алманың дәнегімен жүрек, қан 
тамырлары ауруларын, йод жетіспеушілікті емдеген. Қызғалдақ гүлі кілемдей жапқан қырда 
жайылған қойдың сүті қою, биенің сүті құнарлы болады. 
Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті 
өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде 
кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен 
шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым
сондай-ақ, ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп 
бүкіл әлемге тарады.
http://archive.ile-tany.kz/kz/news/1906_aza-stan-alma-men-yz-alda-ty-otany
 
Ә мәтіні 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет