289
салыстыру жүзеге асады. Мұндай құралдарға мысал ретінде
белдіктер мен потенциометр болып табылады.
Тұрақты тоқтың ЭҚК өлшемі
қалыпты элемент (ҚЭ) болып
табылады, яғни ЭҚК тура белгілі қайтымды гальваникалық элемент.
ЭҚК шығуының жоғары дәлдігі оны құрылу қағидасымен
қамтамасыз етіледі.
Тұрақты және айнымалы тоқ тізбектерінде
R электрлік
кедергі өлшемдері өлшегіш шарғылар мен резистор магазині болып
табылады. Шарғыны орау үшін мангин сымы немесе лента
қолданылады. Осындай шарғының атаулы кедергісі
R
ат
= 10
n
Ом
(ондағы
n=
-5...9, нөлді қосқанда).үлкен кедергіні қамтамасыз ету
үшін (10 Омнан жоғары) шарғыда аса жұқа мангин сымды шыны
оқшаулауда қолданады. Перспективті бағыт прецизионды баспа
резисторларын пайдалану болып табылады.
L индуктивтілік және М өзара индуктивтілік өлшемдері
жоғары сапалы оқшаулауыш материалдан жасалған тегіс тірекке
оралған оқшаулауыш мыс сымнан жасалған өлшегіш катушкалар
болып табылады.
С сыйымдылық өлшемдері
ретінде иінтіректі немесе ашалық типті
ауыстыратын құрылғылармен құрылымдық бірікке өлшегіш
конденсаторлар және сыйымдылық магазиндері қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: