Сіби білім беру


Ағаш тіреулерінің құрастырылымы



Pdf көрінісі
бет159/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Ағаш тіреулерінің құрастырылымы
.
Ағаш тіреулерінің барлық 
элементтері негізгілерге – бөгде, діңгек, траверса, және қосымшыларға – 
қиғашталған тірек, кергіш, траверса астындағы қоссырық, ригель және 
тіреуіш ажыратылады.
Бөгде
– жерге тереңдетілетін тіреудің төменгі бөлігі. Тіреудің әрбір 
діңгегіне ауқымды есептік жүктемелер кезінде екі бөгдені орнатады. 
Бөгделер тіреудің шіріп кету әсеріне аса шалдыққан бөлшектерінің бірі 
болып табылады, сондықтан да оларды темірбетоннан даярлайды.
Діңгек 
– траверса бекітілетін тіреудің жоғарғы жағы. Әрбір діңгек 
бөгдемен екі сым құрсауларымен жалғанады. Діңгек және бөгде тіреудің 
аяғын қалыптастырады. Олар желінің қалыпты және апаттық жұмыс істеу 
тәртіптерінде негізгі жүктемелердің ықпал етуін қабылдайды.
Траверса
ажыратқыш тізбектерінде сымдарды асуға қызмет атқарады. 
Арқансыз аралық тіреулерінде (11.2, е суретін қараңыз) траверса діңгек 
биіктігінен 0,25 м қашықтықта, арқаны бар тіреулерінде биіктіктен 2...2,5 м 
қашықтығында бекітіледі, ол желіні найзағайдан қорғау талаптарымен 
анықталады. Траверса сымдардың, ажыратқыштардың және темір арқаудың 
салмағымен шартталған жүктемесін, ал апаттық тәртіпте сымдардың 
қосымша тартылысын да қабылдайды.
Қиғашталған тірек және кергіш ағаш тіреулерінің негізгі элементтерін 
бекітуге арнап қызмет атқарады. Қиғашталған тірек және кергіштерге 


366 
әрекет етуші күштер маңызды емес. Аралық тіреудің қиғашталған тірегі 
оның қаталдығын арттырады және діңгекке әрекет етуші иілу сәттерін 
кемітеді. Анкерлік бұрыштық тіреулерінің қиғашталған тіректері мен 
кергіштері негізгі бөлшектерімен бірге траверса бойымен бағытталған 
күшті 
жақсы 
қабылдай 
алатын 
аса 
қатты 
құрастырылымды 
қалыптастырады.
Траверса астындағы қоссырықтар
анкерлік бұрыштық тіреулерінде 
ғана орнатылады және траверсаны діңгекке бекітуге үшін қызмет атқарады. 
Траверса астындағы қоссырықтардың саны тіреуге салынатын жүктемесінен 
тәуелді және төрттен бастап сегізге дейін ауытқып отырады.
Найзағайдан қорғау арқандары
тіреу діңгектеріне тікелей ілінеді. 
Діңгектердің қажетті ұзындығы болмағанда арнайы металды арқан 
діңгектерін қолданады, олар негізгі діңгектің соңында бекітіледі.
Ригель
топырақта тіреуді орнату төзімділігін арттыру үшін қызмет 
атқарады. Ригелді орнату өлшемі, саны және тереңдігі тіреуге салынатын 
жүктемесі мен ол орнатылатын топырақ қасиетіне тәуелді.
а
— ілгегі бар бір діңгекті; 
б
— траверсасы бар бір діңгекті; 
в
— анкерлік; 
1
— бөгде; 
2
— құрсау; 
3
— діңгек;
4
— ілгек; 
5
— траверса; 
6
— 
қиғашталған тірек
7
— тіреуіш; 
8
— 
бұранда; 
9
— ригель 
Бос тұрған бір діңгекті аралық тіреуінде (11.5, а суреті) 3 ағаш 
діңгегі 2 құрсау көмегімен 1 бөгдесінде бекітілген. Негізінен ПТО 
түрлі ұзындығы 3,25 немесе 4,25 м болатын қимасы трапецеидалды 
болып келетін темірбетонды бөгделер, одан сирек – ұзындығы 4,5 м 
болатын ағаш бөгделері қолданылады. Діңгектің темірбетонды 
бөгдемен үйлесу ұзындығы 1,1 м, ал ағаш бөгдесімен – 1,3 м болуы 
11.5 сурет. 1 кВ дейінгі кернеуі бар ӘЖ арналған ағаш тіреулері: 


367 
тиіс. Бес сымды асуға арналған діңгектің ұзындығы 3,25 м бөгде 
кезінде 7,5 м және 4,25 м бөгде кезінде 6,5 м кем болмауы тиіс. 
Тіреудің жоғары жағында шахмат
тәртібінде 200 мм қашықтықта 4 
ілгектер бекітілген; тура сондай қашықтық жоғарғы ілгек және 
діңгектің қиғашталған жері арасында сақталады. Тіреулерде 
ілгектердің орнында ажыратқыштарға арналған 6 қиғашталған тірегі 
бар 5 траверса монтаждалуы мүмкін (11.5, б суреті).
Ағаш анкерлік тіреуінде бөгделерде (11.5, в суреті) тіреудің 3 
діңгегі 1 бөгдесінде 2 сым құрсауларымен бекітілген. Сымдардың бір 
жақты тартылыстарынан күшті қабылдау үшін тіреу бөгдесі бар 7 
ағаш тіреуішімен жабдықталған. Діңгегі бар тіреуіш кертпе және 8 
екі бұрандамасымен немесе металды қаптамасымен жалғанған. 
Тіреудің жоғарғы жағында 4 ілгектер орнатылған. Анкерлік және 
әсіресе бұрыштың тіреулерді бекітудің төзімділігі үшін топырақта 
діңгек және тіреуіш бөгделеріне 9 ағаш немесе темірбетонды ригель 
бекітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет