372
құбырлары мен сымдарына дейінгі рұқсат етілгенең аз қашықтық - м,
өрт гидранттарына, су бөлу бағаналарына, жер асты канализациясының
құдықтарына (есік) дейін -2 м, бензин құйғыш колонкаларына дейін – 5
м болып табылады.
Теодолиттің көмегімен желінің алғашқы турасызықты учаскісінен
бағытты анықтай отырып, одан кейін осы бағыт бойынша екі белгі
орната отырып трассаны ажырата бастайды: біріншісін учаскінің
басына, екіншісін одан 200...300 м қашықтықта (көру шарттарына
тәуелді). Алынған бағытта жобада көрсетілген
тіреулерді орналастыру
орындарында белгілерді уақытша орнатады, оларды салынатын ӘЖ
жармасында дұрыс орналастырылуын тексеру үшін желі учаскісінің
соңдарынан бастап нысаналайды, одан кейін бекеттік белгілермен
алмастыра отырып, оларды алып тастайды. Әрбір бекеттік белгісінде
оның нөмірі, сонымен қатар осы орында орнатуға жатқызылған тіреудің
жобалық нөмірі көрсетіледі. Бекеттік белгілерді келешекте орнатылатын
шұңқырлар ортасында орналастырады.
Желілердің бағытын өзгерту пунтісінде А-тәрізді бұрыштық
тіреуінде трасса бұрылысы бұрышын алдын-ала ажырату үдерісін іске
асыру керек. Ол үшін, бұрыштың биіктігімен тіреу биіктігін санай
отырып (11.8, а суреті), оның екі жағы бойымен АВ және АС
кескіндерін салады. Одан кейін В және С нүктелерін
жалғайды, ал ВС
кескінінің ортасын А нүктесімен біріктіреді. АД түзуі бұрыштың
биссектрисасы болып табылады. Шұңқырлар осы биссектрисаның
бойында орналасыу тиіс және А нүктесінен орнатылатын тіреудің аяқ
ерітіндісімен анықталатын бірдей қашықтықта алшақтануы тиіс.
Шұңқырларды А-тәрізді тіреулер бойы ажырату үдерісін арнайы
шаблондарды қолдана отырып іске асыру орнықты, оларды қолдану осы
шараны дәл әрі жедел орындауға мүмкіндік береді. Желінің бұрылыс
бұрыштарын бұрыштың бекеттік белгілерімен белгілейді, оларда
олардың нөмірі, желі бұрылысының бұрышы және тіреудің жобалық
нөмірі көрсетіледі.
Іске асырылған трассаны ажыратуды жобамен салыстырады:
жобадан айрықша анықталған ауытқуларды
жояды немесе жобалау
кәсіпорынмен келістіреді, одан кейін тіреу астына шұңқырларды қазуға
кіріседі.
1000 В дейінгі кернеуге есептелген ӘЖ тіреулері, әдеттегідей,
іргетас құрылғыларын талап етпейді, оларды топыраққа тәкелей
орнатады, сол себепті трасса остері мен тіреу орталарын белгілеп
алғаннан соң, тіреу астына шұңқырларды қазады. Қазар алдында тіреуді
орнату орнын білдіретін белгі дұрыс орнатылғандығына көз жеткізеді.
Ол үшін екі көршілес бекеттерінде ағаш белгілерін орнатады және осы
белгілер мен бекетте орналастырылған белгілер бір желіде екендігін көз
мөлшерімен анықтайды.
Шұңқырларды қазу үшін топыраққа орнатылатын тіреулердің
астына автомобиль және жыланбауыр жүрісіндегі арнайы жер қазу
машиналарын қолданады.
373
11.8 суреті. Шұңқырды бұрыштық анкерлік тіреу бойымен ажырату (а) және
қол әдісімен ашылған шұңқырдың нысаны
Бұрғылау машиналарын қолдану ауыр әрі азөнімді қол еңбегін қажет
етпейді және тіреудің топырақта сенімді бекітілуін қамтамасыз ете
алады. Бұрғыланған шүңқырлар саңылауларды білдіреді,
оларды
пішіндері тіреудің диаметрлеріне сәйкес болады, ал қабырғалары
бұрғылау қондырғысының құралымен тығыздалған. Тік бұрышты
нысанды шұңқырларды қазу үшін ІЖ тіреулері астына пнесмодөңгелекті
жүрістегі Э-153 және Э-302 Б экскаваторларын қолданады.
Бірдіңгекті тіреулер астына цилиндр нысанындағы шұңқырларды
автошұңқырларды қазу және өз бетінше жүретін бұрғылау-кран
машиналарымен бірнеше рет қолдана отырып қазады, яғни, бұрғыны
0,4...0,5 м тереңдеткеннен кейін, онда
бар топырақпен бірге оны
көтереді және бұрғыны айналдыру жиілігін арттыра отырып, топырақты
ығыстырып тастайды. Одан кейін бұрғыны қайта шұңқырға түсіреді
және оны тағы 0,4...0,5 м тереңдете түседі. Осы шаралар шұңқырдың
тереңдігі және ені қажетті шамаға жеткенше жалғастырады.
Тіреу
астындағы
шұңқырларының
тереңдігі
топырақтың
сипаттамасынан, тіреудің биіктігі мен тағайындалуынан, аймақтың
климаттық талаптарынан, тіреуде орналастырылатын сымдардың саны
маен олардың жалпы қималарынан, трассадағы ерекше шарттарынан
және т.б.тәуелді жобамен анықтайды. Жер үстінде шұңқырлардың
сыртқы шекаралары табиғи құламаларының бұрышымен анықталады.
Шұңқыр іргетасының ауданы тіреу тақалған жерінің желі діңгегінде оны
дәл орнату үшін трасса осінен көлдеңен 10...15 см жылжытуын
қарастыруы тиіс.
Шұңқырдың қол тимеген қабырғасы
ӘЖ сымдарының тартылысы
тарапынан болатындай етіп, бұрыштық және ұштық тіреулер астына
салынатын шұңқырларды қазу керек.
Көптеген және тармақталған жерасты коммуникациялары (сым
желілері, құбыр жолдары, туннелдер, коллекторлар және т.б.) бар
орындарда шұңқырларды қолмен қазады. Сонымен қаиар, бір немесе
екі-үш тіреуді орнату үшін шұңқырларды қолмен қазады, яғни,
механизмдердің саябағы алыс орналасқан кезде және жұмыстардың аз
374
көлемі үшін бұрғылау қондырғыларын айдау орнықты болмаған
жағдайда.
Бірдіңгекті тіреулер үшін топырақты қолмен өңдеу кезінде (11.8, б
суреті) ені 0,6...0,7 м (трассаға көлдеңен) және ұзындығы 1,8...1,9 м
(трассаның бойымен) болатын шұңқырды қазады.
Желі бойымен
шұңқырды әрқайсысының биіктігі 500...700 мм болып келетін
сатылармен қазады. Топырақты шұңқырдың жиегінен кем дегенде 0,5 м
лақтырып отырады.
Тіреулерді орнату орындарында алдын-ала сақтық шараларын
қолдана отырып шұңқырларды қазу керек, әсіресе, жерде оналасқан
коммуникациялар немесе құрылыстарды зақымдау қаупінен 0,4 м
тереңдігіне жеткен кезде. Шұңқырды өңдеу кезінде жерасты сым немесе
берілген бір құбыр жолдары байқалған кезде не газдың иісі пайда болған
жағдайда жұмыстарды дереу арада тоқтатып, ол туралы жұмыстардың
әкімшілерін хабардар ету керек.
Достарыңызбен бөлісу: