515
тоқ трансформаторының номиналды тоғы 1500 А астам болғанда,
жақын орналасқан болат бөлшектердің қызуының алдын алуға
арналған шараларды міндетті түрде қабылдау керек;
жоғары кернеулі қоректендіргіш шиналарды (мысалы, құрастырма
шиналардан келетін) Л1 (орама басы) белгісі бар трансформатор
қысқыштарына жалғау керек, ал тармақталатын шиналарды — Л2
(орама соңы) қысқыштарына. Осы жағдайда И1 және И2 белгілері бар
екіншілік орама қысқыштары да ораманың басына және соңына сәйкес
келеді;
тоқ өткізгіш өзектерге және оқшаулағыштарға трансформатор
қысқыштарына жалғанған шиналардан және сымдардан иілім
күштерінің әсер тигізуіне жол бермеу керек.
Аспаптарға жалғанбаған екіншілік орамалар қысқа тұйықталу керек
және тікелей трансформатор қысқыштарына жерге тұйықталу керек.
Орнатылған тоқ трансформаторын да жерге тұйықтайды. Екіншілік
ораманы икемді мыс сыммен жерге тұйықтайды, осы мақсатта оны тоқ
трансформаторының корпусындағы жерге тұйықтау бұрандамасына
жалғайды.
Достарыңызбен бөлісу: