535
тәрізді жақтаулар түріндегі майыстырылған швеллерден жасалады.
Қаңқа бағаналары арасындағы қашықтық 3600 мм аспайды.
Қалыңдығы 60 мм болатын қоршайтын
қабырғалық тақталар
электрлік және сантехникалық коммуникацияларға арналған шынымен
қапталған терезесі, есігі және саңылаулары бар керең болып жасалады.
Ені 1000 мм және биіктігі 1200 мм болатын терезелер еденнен 1200 мм
биіктігінде орналасады. Шоғырсымдарды, шина өткізгіштерді енгізуге
және ені 1000 мм және биіктігі 400 мм болатын желдеткіш негізгі
қораптарды жалғауға арналған саңылаулар қабырғалық тақталарда
жабын түбінен
200
мм қашықтығында орналасады. Шоғырсымдарды,
шина өткізгіштерді енгізуге арналған
саңылаулар сонымен қатар
шатыр тақталарының периметрі бойынша қарастырылады. Олар
тақтаның кез келген жерінде, сонымен қатар бір тақтада бірнеше
саңылаудан
орналасуы
мүмкін.
Барлық
саңылаулар
коммуникациялардың өтуі үшін арналған
тілімдер жасалатын болат
тілімнен жасалған бітеуіштермен жабылады.
Тақталар сәйкестендірілген болуы мүмкін, бұл олардың өзара
алмасушылығын қамтамасыз етеді және орнатуды жеңілдетеді. Есігі
бар тақтаны, бүйірлік жақтағы және
қаңқа бағаналары жанындағы
бұрыштамаларды қоспағанда, орынжай периметрі бойынша кез келген
жерде орнатылуы мүмкін. Саңылаулары бар тақталарды қатарда кем
дегенде бір керең тақтадан кейін орналастыруға болады.
Аспалы электрлік жабдықтарды орнату үшін еденнен 800, 1400
және 1800 мм биіктігінде орналасқан үш көлденең төрткілдеші бар, ені
2000
мм болатын арнайы жақтаулы құрылым қарастырылады. Жақтаулы
құрылым айрықша бояуға ие.
Орынжайларда жарықтандыру және желдету құрылғыларын
орналастыру үшін
қолданылатын аспалы төбе бар, осы жағдайда
орынжайлар биіктігі кем дегенде 3000 мм болу керек.
ИТЭО тікелей орнату жерінде төсеме элементтерді қолданусыз таза
бетон еденде жинайды. Шоғырсымдарды орынжай еденінде төмен
шығару қажет болған кезде ИТЭО жиналатын
сәтке дейін оларды
жеткізуге арналған арналар дайындалу керек.
Достарыңызбен бөлісу: