Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет228/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

14.4.
 
Жиынтықты трансформаторлық қосалқы стансаларды 
құрастыру 
ЖТҚС құрастыру жиналған блоктарды немесе барлық қосалқы 
стансаны олар орналастырылатын, іргетасқа көтерілетін және 
орнатылатын жерге жеткізуге саяды. 
ЖТҚС (СЖТҚС) орнатылатын орынжайда немесе алаңда негізгі 
және әрлеу құрылыс жұмыстары толықтай аяқталу керек. 
Шоғырсым арналары және саңылаулары сызбаларға нақты 
сәйкестікте жасалу керек. Тақталармен жабуды қоса алғанда, оларды 
салу бойынша құрылыс жұмыстары аяқталу керек, ал шоғырсымды 


>25 
>50
 
536 
өткізуге арналған құбырлар – жобаға сәйкес төселу керек. 
Құрастыру орнына ЖТҚС блоктарын жеткізу әдістері осы объект 
құрылысының нақты шарттарымен анықталады. Аралық түсірусіз 
крандар және автомобиль және темір жол көлігі көмегімен блоктардың 
жеткізілуін қамтамасыз еткен жөн. 
Құрастыру басталғанға дейін міндетті түрде трансформаторларға 
арналған төсеме негіздерді тексереді. Олар деңгей бойынша 
орнатылып, жоба сызбасына нақты сәйкес келу керек (деңгейден 
ауытқулар 1 м ұзындыққа шаққанда 1 мм және барлық ұзындыққа 
шаққанда 5 мм аспау керек). Екі швеллердің салмақ көтеретін беттері 
бір қатаң көлденең жазықтықта болу керек және таза еденнен 
10
мм 
шығып тұру керек. Кем дегенде екі жерде швеллерлерді 4 0 x 4 мм 
жолақты болатпен жерге тұйықтау контурына жалғау керек . 
ЖТҚС құрастыру келесі операцияларды қамтиды: жабдықтар 
блоктарын орнына жеткізу, оларды төсемелік негіздерге орнату, сым 
және құлама бойынша дәлдеу, бұрандамалармен қатайту, негізге 
дәнекерлеу, блоктарды бір-біріне электрлік жолмен жалғау немесе 
құрастырма шиналарды төсеу, шоғырсымдарды жалғау, аппараттарды 
ревизиялау және реттеу. 
ЖТҚС блоктарын және трансформаторларды жүктеу және түсіру 
шараларын тек жүк көтергіштігі 20 т болатын кран көмегімен 
орындайды. Матау кезінде, әсіресе егер блоктар жәшіктерде емес
көмкермеде жеткізілсе, матауыштар майысатын жерлерде жабдықтар 
бояуын зақымданулардан сақтандыратын сенімді кергілерді орнату 
керек. Орынжайдағы блоктар шығыршықтардағы жүкарбалар, арнайы 
арбашалар және керек-жарақтар көмегімен орнатылады. Бағыттаушы 
швеллерлерге ақырғы орнату алдында блоктарды қаптамадан 
шығарады. 
Қосалқы стансаларды жинау кезінде трансформатордың төмен 
кернеулі орамаларының шығыстарын тарату құрылғысымен жалғайды, 
автоматтарды орнатады, жерге тұйықтауды құрастырады. Шиналарды 
әдетте қысатын тақталар көмегімен жалғайды. Осы жағдайда 
коррозияға қарсы жабынның зақымдануына жол бермеу үшін
шиналардың түйіспелік беттерін болат қылшақтармен тазартуға 
болмайды, сондықтан оларды тазарту үшін бензинге малынған таза 
матаны пайдаланады. Блоктарды бірізді орнатады, осы жағдайда алдын 
ала шиналардың шығып тұрған ұштарын жауып тұратын арнайы 
бітеуіштерді, тірек швеллерлерден көтергіш қапсырмаларды шешу 
керек. Сұқпалы түйіспелердің және пышақтардың, сонымен қатар 
суырмалы төмен кернеулі автоматты ажыратқыштардың тік және 
көлденең осьтерінің сәйкес келуін тексереді, динамометр көмегімен 
басу күшін анықтайды, ол әр сұқпалы түйіспеде 100 Н болу керек. 
Сонымен қатар, 1,5 ...2 мм төмендеуге ие жылжымалы және 
жылжымайтын көмекші түйіспелердің симметрия осьтерінің сәйкес 
келуін тексереді. Автоматты ажыратқыштарды домалатып кіргізу және 


537 
шығару үшін зауытпен жеткізілетін арнайы құрылғыны пайдаланады. 
Көлемді жиынтықты трансформаторлық қосалқы стансаларды 
орнату келесі жолмен жүргізіледі. Ор қазып, кірпіштен немесе 
темірбетон блоктардан іргетас қалайды. Жеке жеткізіліп, кейін 
орнатылатын күштік трансформаторларды қоспағанда, зауытта 
құрастырылған жабдықтары бар блоктарды іргетаста орналастырады. 
Күштік трансформаторларды орнатқаннан кейін жоғары және 
төмен кернеулі шоғырсымдарды сыртқы жерге тұйықтау контурының 
құрылғысына жалғау бойынша жұмыстарды орындайды. 
Құрастыру сымдардың және аспаптардың жарамдылығын, 
бұрандамалық 
қосылыстардың 
бекіту 
сенімділігін, 
электрлік 
оқшаулама 
жарамдылығын 
тексерумен, 
жоғары 
кернеулі 
шоғырсымдарды және тармақталатын желілер шоғырсымдарын 
трансформаторларға жалғаумен, сонымен қатар жерге тұйықтау 
желісіне құрылымның металл бөліктерін жалғаумен аяқталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет