533
автокөлік жолдары бойынша тасымалдауға мүмкіндік береді.
Құрылысшылармен МЭЗ-да электрлік жабдықтарды құрастыру үшін
немесе тікелей орнату орнына жеткізілген жағдайда, темірбетон
көлемді блоктарды қабылдау төсеме құрылымдардың, шоғырсымдық
еденасты
кеңістіктің, май жинайтын ордың орналасуын, төбелерді,
қабырғаларды, едендерді және шатырды өңдеу сапасын тексереуде
негізделеді. Бірнеше блоктан құралатын қосалқы стансаларды тексеру
кезіндегі міндетті шарт оларды түйістірілуін және оларды жинау үшін
бөлшектердің толымдылығын тексеру болып табылады.
Бірінші көлемді ЖТҚС тек темірбетон
элементтерден жасалған
және құрылыс бөлігімен бірге темірбетон зауытында жасалды, онда
сонымен қатар құрастырылған электрлік жабдықтарды орнату,
ревизиялау және баптау жүргізілді. Кейін олар трайлерде құрастыру
орнына жеткізілді және алдын ала дайындалған алаңға немесе іргетасқа
орнатылады. Осындай қосалқы стансаны іске қосу үшін
тек сыртқы
шоғырсымдық немесе ауа желілеріне жалғау керек.
Темірбетон тақталардан жасалған көлемді трансформаторлық
қосалқы стансалар жиі мырышпен қапталған гофраланған болат
тіліммен қапталған металл қаңқасы бар қосалқы стансалармен
ығыстырыла бастады. Осындай қосалқы станса да құрылыс алаңынан
тыс
жасалады, яғни зауытта немесе құрастыру шеберханаларында
стансада
барлық
электрлік
жабдықтар
құрастырылады
(трансформаторлардан басқа) және дайын түрінде ол объектке
жеткізіліп, іргетасқа орнатылады. (14.6 сур.).
14.6 сур. Құрылыс алаңында трансформаторлық қосалқы стансаларды
көлемді блоктардан құрастыру