Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет230/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

 
540 
15.1 сур. Майлы ажыратқышы бар K-XII сериялы ЖТҚ шкафы: 
1 — шиналық бөлім; 2 — релелік шкаф; 
3
— доңғалақты арбаша; 4 — аппаратурасы бар 
корпус 
Шкаф корпусы металл аралықтармен бөлімдерге бөлінген: 
шиналық бөлім және шиналық айырғыштардың, доңғалақты 
арбашаның, 
тоқ 
трансформаторларының 
және 
шоғырсымдық 
бітемелердің. Шкафтың жоғарғы бөлігінде орналастырылған шиналық 
бөлімде фазалауға сәйкес келетін түстерге сырланған, балқымалары 
бар құрастырма шиналар орналасқан. Құрастырма шиналарды және 
оқшаулағыштарды тексеру және ревизиялау үшін шиналық бөлімде 
(кернеу алынған кезде) алмалы немесе қайырылмалы қақпақ бар. 
Құрастырма шиналар бөлімі астында тоқ жүктемесі жоқ болған сәтте 
құрастырма шиналардан аппараттарды бөлетін және операторға 
сөндірілген аппаратта жұмыс жасауға мүмкіндік беріп, жалғау 
тізбегінің көрінетін үзілісін жасайтын шиналық айырғыштар 
орналасады. 
Доңғалақты арбаша бөлімі негізгі болып табылады. Доңғалақты 
арбашада қосалқы стансаның құрастырма шиналарынан кернеу алусыз 
ревизиядан өтетін жабдықтарды, мысалы, жетектер, разрядтағыштар, 
сақтандырғыштар және т.б. бар майлы ажыратқыштарды орнатады. 
Арбашада құрастырылған аппараттарды құрастырма шиналармен және 
сұлбаның басқа элементтерімен жалғау шиналық және желілік 


541 
айырғыштар рөлін атқаратын, сұқпалы түрде орындалатын ашалы 
түйіспелермен жүзеге асырылады. 
Доңғалақты арбаша әдетте үш жайғасымға ие болуы мүмкін: 
жұмыс, бақылау (сынақ) және жөндеу. Біріншілік және екіншілік 
қосылыстар тізбектері сұлбаға қосылған кезде және шкафтың қалыпты 
жұмысын қамтамасыз еткен кезде, шкаф корпусындағы арбаша 
жайғасымы жұмыс жайғасымы деп аталады. Арбашаның бақылау 
жайғасымында 
біріншілік 
қосылыстар 
тізбектері 
ашалы 
айырғыштармен сөндірілген. ал екіншілік қосылыстар тізбектері 
сұлбаға қосылған және ажыратқыш жетегінің жұмысын сынау 
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жөндеу жағдайында арбаша шкаф 
корпусынан тыс орналасады және оның барлық ашалық түйіспелері 
тұйықталмаған. 
Арбашаның 
шкафтан 
шығарылуы 
және 
оның 
жөндеу 
жайғасымынан бақылау жайғасымына кіргізілуі алдыңғы қабырғада 
бекітілген тұтқалар көмегімен қолмен жүзеге асырылады. Арбашаның 
бақылау жайғасымынан жұмыс жайғасымына кіргізілуі және кері 
шығарылуы иінтіректі жеткізу механизмі көмегімен орындалады. 
Бөлімнің артқы қабырғасы жиналмалы болуы мүмкін немесе онда 
перделермен жабылатын саңылаулар болуы мүмкін. Арбашаны шкафқа 
кіргізген кезде саңылаулар автоматты түрде ашылады, ал шығару 
кезінде – перделер оларды қайтадан жабады. Бүйірлік қабырғаларда 
артқы қабырғаны ашатын және жабатын, арбаша жайғасымын 
бекітетін және жеткізетін, жерге тұйықтайтын механизмдердің жеке 
бөліктері, сонымен қатар жерге тұйықтау айырғыштарының жетегі 
бекітілген. Бөлімнің төменгі бөлігінде арбаша доңғалақтарына 
арналған бағыттаушылар орналасқан. Арбашаның артқы бөлігінің 
үстінде және астында шиналық және шоғырсымдық ажыратқыш 
құрылғылардың жылжымалы түйіспелері, сонымен қатар екіншілік 
құрылғылар тізбектерінің ашалы тетіктері бекітілген. 
ЖТҚ-ғы қызметкерлердің қате операциялары автоматты түрде 
бұғатталады. 
Құрылыммен 
келесі 
әрекеттердің 
бұғатталуы 
қарастырылған: 
ажыратқыш қосулы болғанда арбашаның жұмыс жайғасымына 
кіргізілуі; 
ажыратқыш қосулы болғанда арбашаның жұмыс жайғасымынан 
шығарылуы; 
жерге тұйықтау қосулы болғанда (жерге тұйықтағышта) арбашаның 
жұмыс жайғасымына кіргізілуі; 
жерге тұйықтағыштың арбашаның жұмыс жайғасымына қосылуы; 
арбашаның бекітілмеген аралық жайғасымдарында ажыратқыштың 
қосылуы. 
Бірінші екі бұғаттау айырғыш түйіспелерімен олар есептелген 
жұмыс тоғымен қосылуының және сөндірілуінің алдын алады. Келесі 
екі бұғаттау қысқа тұйықталуға жол бермейді, ал соңғысы – 


>25 
>50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет