Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет232/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

 
544 
пышақтары және шоғырсымдық құрастырма шиналары орналасқан. 
Суырмалы элемент бөлімінде орналастырылады: бұғатталуы бар 
жерге тұйықтаушы айырғышты және перделерді көтеруге арналған 
жетекті құрылғы, кіргізуге арналған бағыттаушылар және суырмалы 
элементті бекітуге арналған саңылаулар бар швеллерлер, сонымен 
қатар қорғаныстық жерге тұйықтау түйіспелері. Суырмалы элементте 
келесілер орнатылуы мүмкін: ажыратқыш, кернеу трансформаторы 
немесе разрядтағыштар. Бөлім үстіңгі жағынан босату клапанымен 

жабылған
.
Суырмалы элемент жұмыс, бақылау және жөндеу жайғасымына ие 
болуы мүмкін. Суырмалы элементтің алдыңғы тақтасы ЖТҚ 
шкафының қасбеті болып табылады және онда келесілер орналасқан: 
ашалы тетік бар икемді байланыс 9, бекіту және бұғаттау механизмінің 
тұтқасы, ажыратқышты қолмен сөндіретін тұтқа, ажыратқышты 
қолмен қосатын иінтірекке арналған есік бар саңылау, ажыратқыш 
білігінің жағдайын бақылауға арналған терезе. Алдыңғы тақтаның 
төменгі бөлігінде жеткізу иінтірегін немесе орынжай бойынша 
суырмалы элементті жылытуға арналған жүргізушіні орнатуға 
арналған тіреуіш шығып тұрады. Суырмалы элементте келесілер 
орнатылған: бекіту және бұғаттау механизмі; басты тізбектің шиналық 
және желілік жылжымалы түйіспелері; жұмыс, бақылау және аралық 
жайғасымдарда екі жақтан тұйықталуды қамтамасыз ететін 
қорғаныстық жерге тұйықтау түйіспелері; қорғаныстық перделерді 
қозғалысқа келтіретін тартқыштар және суырмалы элемент арқылы 
орнатылатын жабдықтар. Бақылау жайғасымында суырмалы элемент 
бір, ал жұмыс жайғасымында – өзара иінтіректер жүйесімен 
байланысқан екі бекіткішпен бекітіледі. 
Релелік шкафта ашалы тетік қалыбы сол жағынан орнатылған. 
Үлкен биіктікке байланысты релелік шкаф жеке жеткізіледі. 
Шкафтардың екі қатармен орналасуы кезінде бір секцияның 
құрастырма шиналарын байланыстыру үшін ені 1910, 2310, 2810, 3010 
және 3600 мм болатын басқару дәліздері үшін стандартты шиналық 
көпірлер (тоқ өткізгіштер) қолданылады. 
ВЭМ-
6
әр электрлік-магнитті ажыратқыш үшін доға сөндіргіш 
камера жинағы жеке жеткізіледі. 
КДВ-10-630/ 1600-20 вакуумды доға сөндіргіш камерасы 
қолданылған, ВВТ 10-1600-20 ажыратқышы бар К-101 сериялы ЖТҚ 
шкафы (15.3 сур.) құрастырма-дәнекерлік құрылым болып табылады 
және бірегей құрастырмаға ие: құрастырма шиналар бөлімі 
11
төменде 
орналасқан, ал тоқ трансформаторлары 9 бар желілік бөлім 
6
— оның 
үстінде. 
Өзара жоғарыда және төменде алмалы көлденең байланыстармен 3 
жалғанған, екі тұйықталған дәнекерлік металл жақтаудан 1 және 5 
құралатын шкаф қаңқасы релелік шкаф 4 орнатылатын суырмалы 
элемент бөлімін 2 құрайды. Шкафтың бір жағынан тік дәнекерлік 


545 
жақтауға бекітілген көлденең жақтау 
10,
негіз жақтауымен бірге 
алмалы қақпақпен жабылатын құрастырма шиналар бөлімін 11 құрады.
1 — қасбеттік жақтау; 2 — суырмалы элемент бөлімі; 
3
— 
жақтаулардың көлденең байланысы; 4 — релелік шкаф; 5 — 
басты жақтау; 6 — желілік бөлім; 7 — бұрылыстық-
алмалықақпақ; 
8
— жерге тұйықтаушы айырғыш; 9 — тоқ 
трансформаторы; 10 — көлденең жақтау; 11 — құрастырма 
шиналар бөлімі 
Шкафтың басқа жағында — жоғарғы бұрылыстық-алмалы қақпақпен 7 
жалғанған сондай жақтаулар желілік бөлім 
6
құрады, осы желіде тоқ 
трансформаторлары 9, басты тізбектердің желілік қозғалмайтын 
ағытпалы түйіспелер және шоғырсымдық (немесе қимасы 3 х 240 мм
2
болатын төрт шоғырсымды жалғауға арналған шоғырсымдық 
құрастырма) бар. Бұрылыстық-алмалы қақпақ оның көлденең және тік 
бөліктер оларды байланыстыратын ось айналасында жиналатындай 
және бірге көтерілетіндей ашылады. Осы жағдайда қосылыс 
шоғырсымдарына, тоқ трансформаторларына, жерге тұйықтаушы 
айырғышқа қатысты қызметкерлердің еркін қол жетімділігі 
15.3 сур. Вакуумды ажыратқыш бар К-101 сериялы ЖТҚ шкафы: 


>25 
>50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет