564 швеллер пішінді екі шинадан дәнекерленген қораптық профильдермен
орындалады. Шиналар ретінде тік бұрышты, түтікшелі және дөңгелек
қималары бар оқшауланбаған өткізгіштер де қолданылуы мүмкін.
Шиналарды әзірлеу, әдетте, арнайы технологиялық желілерде
өлшемдер бойынша шеберханаларда индустриалдық әдіспен жүзеге
асырылады.
Қазіргі уақытта, құрылыс бөлігі дайындығының дәрежесіне
қарамастан, жұмыс сызбаларында шеберханада тұтас шиналау буындарын
немесе тірек құрылымдары бар оның жеке буындарын әзірлеу
қарастырылған; құрастыру орнында тек құрастыруды ғана жүргізеді.
Шиналау блокты орындалуда (сызбалар бойынша шеберханаларда
жеке блоктар түрінде орындалған), макеттік (жеке элементтер сызбалар
бойынша жасалған және қондырғының арнайы жасалған макетінде
келтірілген) және жеке орындалуда (заттай алынған өлшемдер бойынша
орындалған, негізінен дара шиналар үшін қолданылады) болуы мүмкін.
Шиналау жолақтарын тірек құрылымдарымен, оқшаулағыштармен,
шина ұстағыштармен және басқа бөлшектермен бірге жинайды.
Жиынтықты шиналық құрылғылар (мысалы, трансформаторлардың
шиналануы) жетекті айырғыштар қаңқасында құрастырылған шиналардан,
тірек оқшаулағыштарынан және өтпелі тақтадан құралады. Цехішілік
қосалқы стансалардан цехтың тарату бекеттеріне дейінгі электр
энергиясының канализациясына арналған ашық шиналық тораптарды
шеберханаларда жасайды, құндаққа орайды және тарту құрылғыларымен,
өтемдеуіштермен және басқа бөлшектермен бірге құрастыру орнына
тасымалдайды.
Дайын дайындамалар түріндегі жиынтықты шиналық құрылғыларды
зауыттар
жеткізеді.
Тікелей
құрастыру
орнында
осындай
дайындамалардың жасалуы шиналау көлемі мардымсыз болатын шағын
объектілерде рұқсат етілетін айтарлықтай ауқымды және тиімсіз жұмыс
болып табылады.
Құрастыру кезінде минималды ауытқуларды қамтамасыз ету үшін
орнату алдында шиналарды қималар және ұзындықтар бойынша сұрыптау
керек.
Шиналарды құрастыру келесі операцияларды қамтиды : іріктеу және
жарамсыз ретінде тану, түзету, белгілеу, кесу және майыстыру, түйіспелік
беттерді өңдеу және оларда саңылауларды бұрғылап тесу, жеке буындарды
және блоктарды тірек оқшаулағыштарымен және металл құрылымдармен
(мысалы, шиналық көпірлер және ауысымдар) жинау, құрастырмаларды
дәнекерлеу және тармақтайтын шиналарды дәнекерлеу жалғау немесе
оларды бұрандамалық жолмен жалғау, сырлау.
Технологиялық желіде келесі жұмыстарды орындайды: жазықтыққа
және қырға түзету, белгілеу, өлшем тілімдерін алу; шабу немесе
саңылауларды бұрғылап тесу; майыстыру, түйістіре дәнекерлеу және
тармақталымдарды дәнекерлеп жалғау; түйіспелік беттерді нығыздау,
түзету, қаптамадан тазарту және консервілеу; дайындамаларды сырлау
565 және шиналардың дайын дайындамаларын пакеттерге, блоктарға,
буындарға және жинақтарға жинау. Кейбір құрастыру операцияларын
қарастырайық.