137
1.
Науқастағы
аурудың
жаңа
көріністерін
қантты
диабетпен
байланыстыруға бола ма? Егер болатын болса, онда, олар қалай аталады?
2.
Науқаста глюкозурияның болмауын қалай түсіндіруге болады?
3.
Сіз қантты диабеттің қандай кешеуілді асқынуларын білесіз?
III.3-11 жағдаяттық тапсырма
Бала Ш., 5 жаста, ата-анасы кеңес алу үшін медициналық орталыққа келді.
Туылғанынан баласының
физикалық дамуы баяу екенін, ал,
тамақты мерзімінен сәл
кештетіп
жесе бұлшықеттерінің дірілдеуі, сіңірлерінің тартылуы байқалатынын айтты.
Бала
екі жасқа толғанда, АҚ жоғары деңгейде болуы және бүйрек
жеткіліксіздігінің
белгілері байқала бастаған. Тексергенде: АҚ – 150/95 мм сын. бағ., бауыры үлкейген. Қан
талдамасында: глюкоза – 2,9 ммоль/л, сүт қышқылы – 2,3 ммоль/л, глюкозо-6-фосфатаза
ферменті төмендеген. Зәрде: ақуыздар мен эритроциттер бар.
Достарыңызбен бөлісу: