150
тофустар бар (72 сурет). Оң аяғының бірінші бақай буыны ісінген, терісі қызарған,
қимылдатқанда қатты ауыртады (73 сурет). Рентгенографиялық зерттеуде буын қуысының
тарылуы, шеткі остеофиттер байқалды. Қан талдамасында – лейкоциттердің жалпы саны
– 12,7 х 10
9
/л, ЭТЖ – 19 мм/с, зәр қышқылы – 0,83 ммоль/л.
1.
Науқаста қандай ауру дамыған?
2.
Науқаста зат алмасыдың қандай түрінің бұзылысы дамыған және
көрсетілген көріністердің патогенезі қандай?
3.
Бұл ауру дамуының қауіпті факторы қандай?
III.4-10 жағдаяттық тапсырма
Науқас В., 37 жаста, базардан сатып алынған тұздалған саңырауқұлақтарды жегеннен
соң, эйфория, сосын себепсіз қаймығу және қорқыныш сезімі, құсу пайда болған.
«Жедел жәрдем», көлігі шақырылып, улану мен жедел бауыр жеткіліксіздігі дамуынан
сезіктеніп токсикологиялық бөлімшеге жатқызылды. Объективті: есі адасқан, науқас
қандай кеңістікте, қандай уақытта, қандай жағдайда жатқанын білмейді, бұлшық еттерінің
құрысуы байқалады. Терісі және шырышты қабықтары сарғайған. ЖСЖ 96 мин
-1
. АҚ
90/60 мм сын. бағ. Бауыры ұлғайған, басқанда ауыртады. Қан талдамасында: жалпы
нәруыз – 50 г/л, мочевина – 1,6 ммоль/л, аминқышқылдары мен аммиак деңгейі
жоғарылаған. Арнайы зерттеулерде қанда биогенді аминдердің (гистамин, тирамин,
серотонин) жоғары мөлшері табылды.
Достарыңызбен бөлісу: