1. Науқастағы шеткі қанайналым бұзылыстарының типтік түрін атаңыз және гемодинамикалық бұзылыстарға сипаттама беріңіз. 2. Клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз. 3. Патогенездік көзқарас бойынша шеткі қан айналым бұзылыстарының осы түрінде компрессиялық ем қолданған дұрыс па? Жауабы 1.
Науқаста веналық гиперемия дамыған. Веналық гиперемия кезіндегі
гемодинамикалық бұзылыстар қанағыстың азаюымен, қан толумен және венулалар мен
қылтамырлардың керілуімен, олардың санының өсуі және диаметрінің ұлғаюымен
сипатталады. Қантамырларда гидростатикалық қысым жоғарылайды, ал қысымның
артериола-венулалық градиенті төмендейді, осының нәтижесінде қанағыстың көлемдік
жылдамдығы азаяды. Қанның қарқынды іркілуі кезінде қанағыстың біркелкі болуы
жойылады: систола кезінде пропульсиямен итерген тәрізді қанның қозғалысы пайда
болады, ал диастолада ол тоқтайды. Бұл артериялық диастолалық қысыммен венуладағы
қысымның теңелген кезін көрсетеді. Сонымен бірге, қанның маятник тәрізді қоғалысының
дамуы мүмкін, систоладағы ортоградты қанағыс диастолада ретроградты түріне ауысады.
Бұл қандағы тромбтардың түзілуімен немесе кез келген механикалық кедергілердің
әсерімен байланысты дамиды.
2. Клиникалық көріністердің патогенезі:
- науқастың аяғының ісінуі – веналық гиперемия кезінде қылтамырлардағы,
қылтамырлардан кейінгі және венулалардағы гидростатикалық қысымның жоғарылауынан
старлинг күшінің тепе-теңдігін ұстап тұратын нүктесінің қылтамырдың веналық соңына
дейін жылжуымен, ал қан сарысуының транссудациясы оның барлық ұзындығы бойынша
жылжып отыруымен түсіндіріледі. Сонымен, филтрациялық қысымның өсуі мен
фильтрациялық көлемнің ұлғаюының нәтижесінде тіннің ісінуге қарсы буферлік қоры
азаюынан ісіну дамиды. Ұзақ веналық гиперемия кезіндегі ісінудің күшеюі, оның
осмостық, онкотикалық және мембраналық патогенездік факторларының қосылуынан
дамиды;
- Тіннің көкшіл болуы – веналық қанның көп болуымен және қанағыстың азаюынан
қаннан тіндерге оттегінің тасымалдануы жоғарылауының нәтижесінде оксигемоглобиннің
мөлшері азайып, қанда тотықсызданған гемоглобин мөлшерінің көбеюімен түсіндіріледі.
Цианоз тотықсызданған гемоглобиннің мөлшері 5-6%-ға дейін немесе одан жоғары
болғанда дамиды.
- веналық гиперемия аумағындағы тіннің температурасының төмендеуі тіндік
метаболизмнің қарқындылығының азаюының нәтижесі болып саналады. Бұл өз кезегінде
веналық гиперемия аумағындағы тіндерге артериялық қанның келуінің азаюынан дамиды.
3. Патогенездік көзқарас бойынша, веналық гиперемия кезінде компрессиялық емді
қолданған дұрыс болып саналады. Эластик таңғышын салу немесе арнайы компрессиялық
тоқыма заттарды (шұлық, гольфи, колготки) киіп жүру беткейлік веналардың диаметрін
кішірейтіп, олардағы рефлюкстің азаюына немесе жойылуына, терең веналардың бойымен
қанның қозғалуы жылдамдығының өсуіне, бұлшықеттік веналық насостың жұмысының