20
I.2-5 жағдаяттық тапсырма
Су астында құтқару жұмыстарын атқару барысында сүңгушінің құлағында кенеттен
ауыру сезімі пайда болған, бірақ, ол ары қарай сүңгуін жалғастырды. Нәтижесінде бас
ауыруы, бас айналуы, қимыл-қозғалысының үйлесімінің бұзылыстары пайда болды.
1. Сүңгушіде пайда болған бұзылыстардың себебі қандай? Пайда болған
өзгерістердің механизмдерін түсіндіріңіз.
2. Сүңгушілер жұмысындағы осы асқынулардың алдын алу үшін не
қолданылады?
3.Кессонды (декомпрессиялық) ауру дегеніміз не?
I.2-6 жағдаяттық тапсырма
Гипербариялық оксигенация сеансын жүргізу барысында науқаста - ауыз қуысының
ашып құрғауы, төс астында ауыру сезімі, құрғақ жөтел пайда болды. Науқас
барокамерада болуын ары қарай жалғастырғанда таралған тониялық және клониялық
тырыспалар пайда болған.
Достарыңызбен бөлісу: