19
I.2-2 жағдаяттық тапсырма
Науқас В., 12 жаста. Дәрігер-фтизиатрда өкпе туберкулезі жөнінде емделуде. 6 ай
бұрын автоапатқа ұшырап, омыртқа бағанасы жарақаттанған.
Осыдан науқастың
омыртқа бағанасында ауырсыну сезімі пайда болды, бұл сезім физикалық жүктемелерде
күшейеді. Омыртқа бағанасының компьютерлік томографиясында туберкулездік
спондилит анықталды.
1. Аурудың себебі қандай? Ол этиологиялық ықпалдардың қайсы тобына
жатады?
2. Осы аурудың дамуына ықпал ететін жағдайларды атаңыз.
3. Осы ауруды этиотропты алдын-алу және емдеудің негізгі ұстанымдары
қандай?
I.2-3 жағдаяттық тапсырма
Науқас М., 39 жаста. 12 күннен бері кардиологиялық бөлімшеде емделуде. Диагнозы:
«
Жіті ревматизмдік қызба. Ревмокардит. ΙΙ дәрежедегі митральді тарылу. Қанайналым
жеткіліксіздігінің Ι-ші
сатысы
»
. Жүргізілген терапия науқастың субъективті және
объективті жағдайын жақсартты. Келесі дәрігерлік аралауда, дәрігер науқаста
«
тамшылы
жүректі
»
және
«
жіңішке аортаны
»
байқаған. Осыдан 15
минөт өткен соң, науқаста
жыпылық
аритмия ұстамасы дамып, төс астында қарқынды ауыру сезімі пайда болды,
осыған байланысты науқас қарқынды терапия палатасына ауыстырылды.
Достарыңызбен бөлісу: