22
I.2-11 жағдаяттық тапсырма
Науқас Р., 25 жаста. Термиялық күйіктің III А сатысында, ауыр жағдайда ауруханаға
жеткізілді. Күйік аумағы дене көлемінің 25 % алып жатыр. Зақымдалған бөліктерде
эритема және көпіршіктермен қатар терісінің некрозы байқалады (9 сурет). Есі адасқан,
жарыққа көз қарашығының реакциясы әлсіз, рефлекстер тежелген. Мойын веналары
босаңсыған, басқан кезде тез толмайды. АҚ - 80/50 мм сын.бағ., ЖСЖ - 120 мин
-1
, толуы
әлсіз. Тынысы үстіртін, жиілігі 28-32 мин
-1
.
Дене
температурасы - 36,2
О
С. Қан
талдамасы: эритроциттер - 5,8 х 10
12
/л, Нb - 170 г/л, гематокриттік көрсеткіш - 0,53 л/л,
лейкоциттер – 19,5 х 10
9
/л. Айналымдағы қан көлемі 20% төмендеген.
1.Анықталған бұзылыстардың даму жолдары қандай?
2.Науқаста шоктың қандай түрі дамыған?
3.Науқаста дамыған гемоконцентрацияның маңызы қандай?
I.2-12 жағдаяттық тапсырма
Науқас К., 44 жаста, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Куәгерінің айтуынша,
зардап шегуші өрт сөндіруде 1,5 сағат бойы температурасы 60-70˚С және өте жоғары
ылғалдықта жұмыс істеген.
Объективті: сана-сезімі тежелген, терісі айқын қызарған, әсіресе беті. ЖСЖ-125 мин
-1
,
АҚ-145/94 мм сын.бағ. Тынысы жиі және үстіртін. Дене температурасы 40,5˚С.
1. Науқаста жылу тепе-теңдігінің қандай бұзылысы дамыған?
2. Дене температурасы жоғарылағандағы жүректің жиырылу жиілігі мен
тыныс алу қозғалысының жиілеу жолы қандай?
3. Жылдың сыртқа бөлінуінің негізгі жолдары қандай?
I.2-13 жағдаяттық тапсырма
Балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 12 жасар бала түсті. Ол күн астында
ұзақ уақыт жалаң бас тұрғандықтан, басының ауыруы, жүрек айнуы байқалған. Бала бір
рет құсқан, есін жоғалтқан.
Объективті: бала қозған, терісі қызарған, денесін ұстап көргенде ыстық.ТЖ-32 мин
-1
,
ЖСЖ-110 мин
-1
, АҚ-140/92 мм.сын.бағ. Дене температурасы -39,7˚С.
Достарыңызбен бөлісу: |