23
I.2-14 жағдаяттық тапсырма
Науқас Р., 17 жаста. Лифтпен жоғары көтерілгенде және төмен түскенде әрдайым
басы айналады, жүрегі айниды, қозғалыс кординациясының бұзылысы пайда болады.
Автокөлікте немесе поезда жүргенде көрсетілген бұзылыстардан басқа құсу, АҚ
төмендеуі, жүрек ырғағының баяулауы байқалады.
1. Бұл ауру қалай аталады? Оған толық анықтама беріңіз.
2. Осы бұзылыстар пайда болуының себебі не? Жауабыңызды негіздеңіз.
3. Осы аурудың дамуына қай топтағы негізгі рецепторлардың қатысы бар?
4. Сипатталған көріністердің даму жолы қандай?
I.2-15 жағдаяттық тапсырма
Кішкентай ер бала ұзақ уақыт бойы электр дәнекерлеушінің жұмысын бақылаған.
Қабылдау бөліміне келесі шағымдармен түсті: көзінің “құм” түскендей ашытуы,
жарықтан қорқу сезімінің пайда болуы, жасының ағуы. Объективті: екі көзінің де
конъюнктивасы қызарған, ісінген, перикорнеальді белгілер, көздің мөлдір қабаты
қарауытқан (10 сурет). Қарашығы тарылған, жарыққа реакциясы әлсіз. Офтальмоскоппен
тексергенде - торлы қабықтың ісінуі байқалады.
1. Көз зақымдалуының себебі не?
2.Этиологиялық
ықпалдарды
Достарыңызбен бөлісу: