29
Науқас К., 45 жаста, подагра ауруымен сырқаттанып ем қабылдауда. Ұсақ
буындарының
ұстама тәрізді ауыратынына, тәбетінің нашарлығына,
семіруге бейім
екендігіне шағымданады. Объективті зерттеу кезіндегі анықталғаны: науқас орта бойлы,
толықша келген. Қысқа,
кең көкіректі, эпигастральді бұрышы үшкір емес, доғалы. Іші
домалақ, қарны шыққан, аяғының саусақтарындағы буындар деформацияланған. Қимылы
сақталған. Артериялық қысым – 180/100 мм с.б.б. Қан талдамасында: глюкоза,
холестерин, Несептік қышқыл құрамы жоғарылаған.
1. М.В.Черноруцкийдің жіктеуі (1927 ж. )бойынша науқасты қандай
конституциялық топқа жатқызуға болады ? Конституция дегеніміз не?
2. Конституция тағы қалай жіктеледі және оның тәжірибелік маңызы қандай?
3. Адамның келесі антропометриялық белгілерін – бойын, салмағын, олардың
қатынастарын, дене үйлесімділігін – конституциялық белгілерге жатқызуға
болады ма ?
I.3-9 жағдаяттық тапсырма
4 жастағы ер балақызылшамен ауырған. 3 күннен кейін оның 10
жасар ағасы
ауырды және де бұл ауру энцефалит дамуымен асқынды. Бірақ олармен қатынаста болған
ата-аналар және 3-айлық қарындасы
ауырған жоқ
Достарыңызбен бөлісу: