5
В
В
в
в
е
е
д
д
е
е
н
н
и
и
е
е
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпығаміндетті білім
беру стандартына (2006) сәйкес жоғарғы медициналық білім беру
жүйесінің жетілдіруі, терең және шығармашылықты танытып ұғуға
бағытталған студенттердің өз бетімен атқаратын жұмысын белсендіруді
көздейді. Осы мақсатқа жетуге студенттердің жағдаяттық тапсырмаларды
орындау барысында өз бетімен атқаратын жұмысы көмек береді, өйткені
оларды шешкенде қисынды ойлау, дерттің даму жолдарын анықтауға және
оған сипаттама беру үшін көптеген көрсеткіштер мен белгілердің арасында
маңыздысын таңдап алу ептілігі қалыптасады.
Ұсынылып отырған жағдаяттық тапсырмалардың айрықша ерекшелігі –
олардың
клиникаға
қарай
бағыттанушылығы.
Көп
жағдаяттық
тапсырмалардағы суреттелген жағдайлар дәрігерлердің тәжірибесінде
кездеседі.
Жағдаяттық
тапсырмаларды
орындау,
студенттерге
патофизиологиялық талдауды жүргізуге көмектеседі, өйткені талдау
барысында Типтік патологиялық процестердің себептері, даму жағдайлары
мен жолдары, этиотропты, патогенездік емдеу мен алдын алудың негізгі
ұстанымдары анықталады. Жағдаяттық тапсырмалармен жұмыс жасау, тұтас
организмнің функциялық жағдайын, бөлек ағзалар мен жүйелердегі
өзгерістерді
лабораториялық
зерттеулерге
негізделе
отырып
патофизиологиялық
талдауды
жасауға
тәжірибелік
дағдылардың
қалыптасуына да қолайлы жағдай жасайды. Сонымен қоса, организм
гомеостазының көрсеткіштерін бағалау кезіндегі иеленген дағдылар
студенттерге болашақта ойлау операцияларының алгоритмін меңгеруге
көмектеседі.
Авторлардың ойынша, клиникалық жағдайлар үлгісі ретінде
құрастырылған жағдаяттық тапсырмалар жалпы патофизиология бойынша
жиналған білімді бекіту үшін, оны жүйелі түрге келтіру үшін өте маңызды
құрал бола тұра, білім алушыларда ассоциативтік дәрігерлік ойлауды дамыта
алады.
Жағдаяттық тапсырмаларды талдау және қорытындыны жасау үшін
студенттер
«Жалпы
патофизиология»
бөлімі
бойынша
дәрістер
материалдарын, патологиялық физиология бойынша Ә.Нұрмұхамбетовтың
оқулықтарын қолдана алады.
В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының
қызметкерлері берілетін ұсыныстарға, кеңестерге риза болады.
Достарыңызбен бөлісу: