Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет6/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   148
Байланысты:
Жалпы патофиз есеп жинағы

 
 
 



10 
 
 
I.1-2 жағдаяттық тапсырма
Науқас Р, 24 жаста, жұқпалы ауруханаға диагнозын дәлелдеуге келіп түсті. 2 күн 
сайын қайталанатын қызба ұстамасына шағымданды. 12-14 сағатқа созылатын дене 
қызуының максималді /40-41

С/ көтерілуінен бұрын 1,5-2 сағатқа созылатын «тоңып-
қалтырау» сезімі пайда болады. Қызуы түсе бастағанда науқас терлейді және жағдайы тез 
жақсара бастайды. Келесі 2 күн ішінде қызба байқалмайды, науқастың көңіл-күйі 
жақсарып, еңбекке қабілеттілігі сақталады. Бірақ, қызуы көтерілгеннен кейінгі 4-ші күні 
қалтырау, дененің қызуы, терлеу ұстамасы қайтадан басталады. Аталған қызба және 
қызбасыз кезеңдерінің ұстамаларының қайталануы 1 айдың аралығында байқалуда. 
Клиникалық көрінісіне және қанда төрт күндік малярия қоздырғышы (2 сурет) табылуына 
байланысты «Малярия»диагнозы қойылды.
1.
 
Келтірілген мысалда жалпы нозологияның қандай негізгі ұғымдары берілген? 
2.
 
Оларға толық анықтама беріңіз. 
3.
 
Жалпы нозологияның тағы қандай ұғымдарын білесіз? Мысалдарды келтіріңіз.
 
 
I.1-3 жағдаяттық тапсырма 
Науқас П., 48 жаста, онкология диспансерінде емделіп жатыр. Диагнозы: «терінің 
қатерлі өспесі - меланома

». Қатерлі өспе туа біткен қалға (меңге) ұзақ уақыт бойы және 
қарқынды түрде ультракүлгін сәулелер әсер еткеннен кейін пайда болды. 
1.
 
Келтірілген мысалда жалпы нозологияның қандай негізгі ұғымдары берілген? 
2.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет