11
I.1-5 жағдаяттық тапсырма
Науқас 15 жаста, дәрігерге келесідей шағымдармен келіп түсті:
балық тағамдарын
көргенде, иісін сезгенде немесе жегенде үнемі құсады. Басқа тағамдарға мұндай реакция
байқалмайды. Бұрын балықты жегенде құсатын. Осы шағымдары 4-ай бұрын пайда
болды. Ішкі ағзаларды тексеру кезінде ешқандай дерт табылмады.
1.
Келтірілген мысалда жалпы нозологияның қандай негізгі ұғымдары берілген?
2.
Оларға толық анықтама беріңіз.
3.
Жалпы нозологияның тағы қандай ұғымдарын білесіз? Мысалдарды
келтіріңіз.
I.1-6 жағдаяттық тапсырма
Науқас 48 жаста, «Жіңішке ішектің жедел бітелуі» диагнозымен хирургиялық
бөлімде ем қабылдап жатыр. Науқасқа операция жасалынды. Операциядан кейінгі кезең
ерекшеліксіз өтті. Бірақ, операциядан кейінгі 5-ші тәулікте
науқастың хал-жағдайы
нашарлады: ішінің қатты ауыруы, тоқтаусыз
нәжіс құсық пайда болды, дененің
температурасы көтерілді. Дәрігер перитониттің дамығанына тұжырым жасады.
Сұрастырғанда науқастың тамақтану ережесін бұзғаны анықталды (көп мөлшерде ұн және
ет тағамдарын қабылдаған).
* Перитонит - (peritoneum – (ішперде) + -itis) – айқын
уыттанумен және гомеостаз
бұзылыстарымен қабаттасатын висцеральді және париетальді ішперденің қабынуы; қысқа
уақыт аралығында тіршілік етуге маңызды ағзалар мен жүйелердің қайтымсыз
зақымдалуына әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: