Трансляция - цитоплазмада жүретін кезең. Бұл кезең кезінде тек қана 4 əріптік
нуклеотидтік тілдің 20 əріптік аминқьшқылының тілге аударылуы ғана жүріп қоймайды,
сонымен қатар амин қышқылдарының белоктық тізбектегі өз орнын табу мəселесі
шешіледі. Трансляцияның өзі 5 кезеңнен тұрады.[2]
Трансляцияның І-ші кезеңі: амин қышқылдарының активтелуі. Бұл кезеңге қажетті
заттар: 20 амин қышқылы, АТФ, Мg
2+
,20т-РНҚ, 20 аминоацил -т-РНҚ - синтетаза ферменті.
Бұл кезең жиырмадан астам аминоацил - т-РНҚ-синтетаза ферментінің қатысуымен өтеді.
Бұлар айрықша талғамдылық көрсететін ферменттер, атап айтқанда осы ферменттің
көмегімен амин қышқылы өзіне тəн т-РНҚ таныса, т-РНҚ өзіне тəн амин қышқылдарын
таба алады. Сондықтан бұл ферментті "адаптор" деп те атайды. Аминоацил-т-РНҚ-
синтетаза ферменттерінің осындай айрықша қасиет көрсетуіне т-РНҚ-ның құрылысының
өзгешілігі жағдай жасайды.
Трансляцияның 2-ші кезеңі - полипептидтік тізбектің инициациясы. Бұл кезеңге
қажетті компоненттер: и-РНҚ; белок синтезін бастаушы кодон /АУГ/. Бұл кодон барлық
жағдайда метионинге немесе формилметионинге тəн болады; N -формилметионинніңт-
РНҚ-сы; үлкен жəне кіші суббірліктер; ГТФ; Мg
2+
- иондары; белок синтезін бастаушы
белоктық факторлар, оларды Ғ
1
, Ғ
2
, Ғ
3
деп белгілейді.
Бұл кезеңде белок синтезінің ядролық кезеңінде түзілген, белгілі бір полипептидтің,
амин қышқылдың құрамы туралы информациясы бар и-РНҚ рибосоманың кіші
суббірлігімен қосылады. Сонан соң бұл и-РНҚ + кіші суббірлік комплексі белок синтезін
бастаушы амин қышқылы метионинді тіркеген т-РНҚ мен қосылады. Енді бұл түзілген
комплекс рибосоманың үлкен суббірлігімен қосылып, активті, белок синтезін жүргізуге
дайын рибосоманы құрайды.
Осы активті рибосоманың түзілуіне Ғ
1
, Ғ
2
, Ғ
3
белоктық факторлар да өз үлесін
қосады. Рибосоманың кіші суббірлігі 21 белоктан жəне 1600 нуклеотид тізбегінен тұратын
бір р-РНҚ-нан тұрса, үлкен суббірлік 34 белоктан жəне 3200 жəне 120 нуклеотидтік
тізбектерден тұратын екі р-РНҚ-дан тұрады.
Осы жоғарыда түзілген комплекстердің нəтижесінде үлкен суббірлікте екі центр
пайда болады. Оларды: пептидилді, амино-ацилді центрлер деп атайды.
Пептидилдік центрде синтезделетін пептид тізбегі орналасса, аминоацилді центрде
осы пептидтік тізбектің өсуіне қатысатын аминоацил-т-РНҚ орналасады. Кез келген
белоктың синтезі прокариоттарда М- формилметиониннен басталса, эукариоттарда
метиониннен басталады. Метиониннің активтелуі де басқа амин қышқылдарының
активтелуі сияқты АТФ пен т-РНҚ-ның жəне метионил - т-РНҚ - синтетаза ферментінің
қатысуымен жүреді. Кесте түрінде:Метионин + т - РНҚ + АТФ
Е
метионил - т-РНҚ + АМФ
+ Р
н
Р
п
Е - метионил - т-РНҚ - синтетаза.
Ал прокариоттарда əрі қарай формил тобының қосылу реакциясы жүріп, N -
Формилметионин түзеді:
Метионил - т-РНҚ+ N
10
- формил – ТГФҚ
___
ТГФ + формилметионин - т-РНҚ.