Вектор – дербес
еселенетін генетикалық құрылым, оның көмегімен өзгертілетін
геномға тиісті генді жеткізіп орналастыруға болады.
Ген – тұқым қуатын ақпараттық құрылымдық бірлік.
Ген инженериясы – алдын ала белгілі жаңа қасиеттері бар тірі оргаизмдерді жасау
мəселелерін зерттейтін молекулалық биологияның саласы.
Генетикалық код – белок молекуласына қажетті амин қышқылдарының орнын
анықтайтын ДНҚ молекуласындағы үш негізден тұратын тізбек.
Генотип – организмдегі гендер жиынтығы.
Делеция – мутацияның нəтижесінде хромосоманың орта бөлігінің жоғалуы.
Иммунитет – генетикалық бөгде белгілері бар заттардан жəне
тірі денелерден
организмнің қорғану əрекеті.
Иммундық реакция – генетикалық бөгде заттарды құртуға, бейтараптандыруға
бағытталған организмнің бейімділік жауабы.
Инбридинг - өте жақын туыстас өкілдерді шағылыстыру.
Кариотип – түрге тəн хромосома жиынтығы.
Клеткалық инженерия – қайта құрастыру, будандастыру, өсіру негізінде жасушаның
жаңа типін жасау əдісі.
Клон – жыныссыз өсіп даму арқылы бір ортақ тектен
тараған жасушалар немесе
ұрпақтар.
Кодон – триплет.
Комплементарлық – бірін – бірі толықтырушы гендендің болуы, олар бірге əсер
етіп, белгінің пайда болуына себеп болады.
Локус – хромосомадағы белгілі бір геннің орны.
Мейоз – жыныс жасушасы ядросының екі рет қатарынан бөлінуінің нəтижесінде
төрт гаплоидты жасушаның пайда болуы.
Мозаиктер - əртүрлі генотипі бар жасушалардан тұратын организм.
Мутаген – физикалық жəне химиялық аген мутацияның жиілігін жоғарылатады.
Мутация – генетикалық материалдың негізгі қасиетін өзгертетін тұқым қуатын
өзгеріс.
Ноненс кодондар – амин қышқылдарының ешқайсысына сəйкес калмейтін
трансляцияны тежеуші ролін атқаратын кодондар.
Онкогендер – эукариоттар жасушаларынан залалды
ісіктерге өзгерте алатын
белоктарды кодтайтын гендер.
Онтогенез – организмнің жеке дамуы, туғаннан бастап өмірінің аяғына дейінгі
өзгерістер жиыны.
Партеногенез – еркектің гаметасынсыз ұрғашының
гаметасынан организмнің
дамып өсуі.
Плазмидтер – хромосомамен байланыссыз дербес өмір сүретін сақина тəріздес
ДНҚ молекулалары.
Полимерия – бір белгіге əртүрлі, бірақ ұқсас ететін аллельді емес гендердің өзара
əрекеттесуінің түрі.
Полиплоидия – гаплоидтық жиынтықпен салыстырғанда хромосомалар санының
өсуі.
Профаг – бактериялық жасушаға тұқым қуу материалы қосылған фаг.
Рестриктазалар – ДНҚ-ны кесетін фермент.
РНҚ- полимеразалар – ДНҚ үлгісімен РНҚ синтездейтін ферменттер.
Селекция – мал тұқымын, өсімдіктер
сорттарын микроорганизмдердің,
бактериялардың жəне вирустардың расаларын өзгертетін ғылымның саласы.
Транспозон – геномда өз орнын ауыстыра беретін ДНҚ фрагменті.
Фенотип – организмдегі барлық белгілердің жиынтығы
Шағылыстыру – белгілері бойынша айырмашылығы бар бір түрдің өкілдерін
жұптау.
Эволюция – тірі табиғаттың тұқым қуу, өзгергіштік жəне сұрыптау арқылы дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: