ауыстыруы, жасушалардың сұрыпталуы, олардың бағдарламалы жойылуы (апоптоз).
Жасушалардың пролиферациясы
(көбею, бөліну) - онтогенездегi маңызды үдеріс. Бiр
жасушалы зиготаның бөлiнуi арқылы көпжасушалы ұрық дамиды. Бөлшектену кезінде
жасаушалардың пролеферациясы кейінгі кезеңдерге қарағанда жылдам өтеді. Гаструляция,
органогенез кезеңдерінде ұрықтың белгілі бір бөліктерінде пролеферация таңдамалы жүреді.
Пролеферация жылдамдығы жоғары болған сайын эмбриогенезде сапалы өзгерістер жүреді.
Бөлiну ағзаның өсуiн қамтамасыз етедi. Жасушалардың пролиферациясы морфогенетикалық
процестердi қамтамасыз етедi. Постнатальды онтогенезде жасушалардың бөлiнуiнен
зақымдалған мүшелердiң жаңаруы, қайта құрылуы, жаралардың жазылу үдерісi жүредi.
Жасушалар бөлiнуi әр түрлi уақытта, әр жерде әртүрлі қарқындылықпен өтедi, клональды
сипатты болады және үнемі генетикалық бақылауда болады. Жасушаның бөлінуінің
жылдамдығы тез немесе баяу болса пролиферацияның бұзылуына алып келеді.
Пролиферацияның бұзылуы:
гипоплазия
- пролиферацияның төмендеуі (ахондроплазия),
гиперплазия
– пролиферацияның жоғарылауы (макросомия), жүйке түтігінің деффектісі –
жабық жүйке түтігінің бұзылуы, қасқыр таңдайлық және қоян ерін – даму немесе ұлпалардың
бірігуі бұзылады. Эмбриональдық бастамға пролиферация белгілі бір пішін бермейді, жасушалар
ретсіз орналасады. Кейінірек жасушалар қайта топтасады және орын алмастырады және ұрықтың
бастамасы белгілі бір пішінге ие болады.
Жасушалар миграциясы
немесе жасушалардың орын ауыстыруының онтогенез
үдерісінде үлкен ролi бар, ол генетикалық бақылаудың және қоршаған жасушалар мен ұлпалар
әсерiнің қарамағында болады. Жасушаның орын алмасуы немесе олардың миграциясы әсіресе
гаструляция және морфогенез кезінде белсенді болады. Жасушаның миграциясына жүйкенің
тармақталуын қарастыруға болады. Ол белсенді түрде бүкіл денеге тармақталады және
топтасады. Жасушалардың бір тобы эпидермиске қарай ауады, екінші тобы құрсаққа қарай бағыт
алады да сезімтал симпатикалық және парасимпатикалық түйіндер (ганглии) түзеді. Бастан
шығатын жүйке тармақтары бет жақа қарай жылжи бастайды және жүйке, шеміршек және
бұлшық ет жасушаларына бастама береді. Сонымен қатар алғашқы жыныс жасушалары
сарыуыздың энтодермасынан жыныс безінің бастамасына қарай жылжуы миграцияға мысал
болады. Жасушалар миграциясының бұзылуы туа-бiткен даму ақаулықтарына, яғни мүшелердiң
толық жетiлмеуi мен
гетеротопияға
(орнының өзгеруi) әкелiп соқтырады. Мысалы,
нейробласттар миграциясының бұзылуы мидың сұр затының арасында мидың ақ заттары
байқалуы аралшықтарының пайда болуына
Достарыңызбен бөлісу: