Сабақ. Адамның онтогенезінің ерте сатысының жасушалық механизмдері. Ақпараттық-дидактикалық блок Онтогенез



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата15.11.2023
өлшемі269,46 Kb.
#122465
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
7 тақырып Ақпараттық блок Онтогенез

Дамудың туа біткен ақаулықтар
(ДТБА) нәрестелер өлімінің (15- 20%),перинатальды 
өлімнің (25%) үлесін құрайды. Жаңа туылған нәрестелерде анықталған ДТБА жиілігі 2-3% 
құрайды, ал кеш сатысында 5%-ға дейін. Сондықтан медицинада ДТБА оқыту маңызды 
мәселелердің бірі. Дамудың туа біткен ақаулары (congenital abnormalities) – туылуға дейiн пайда 
болып, туылудан кейiн анықталған, мүшелер немесе бүкiл ағзаның тұрақты морфологиялық 
өзгерiстерi. Даму аномалиялары(congenital abnormaly) ДТБА –дан ерекшелігі әдетте мүшелер 
қызметтерінің бұзылуы болмайды.
ДТБА жіктелуі 
Жаңа туылған балалар арасындағы таралу жиілігі бойынша: 
Кең таралған
 
( 1:1000 қатнасында) Орташа жиілікпен таралған (0,1-0,99:1000) Сирек 
таралғане ( 0,01:1000 төмен). Барлық ДТБА жиілі гі жана туған балалардың– 600:10000 
қатынасындай немесе 6%. 

Этиологиясы бойынша: 
Тұқым қуалайтын (гендік 20% және хромосомалық 25%) 
Экзогенді немесе тек орта факторлар себебінен (тератогендер, ана факторлары)-8%
Мультифакторлы немесе көптік ақаулар -32% 
Идиопатиялық немесе тұрақсыз себептерден – 15% 

Көрініс беру зілділігі бойынша:
Летальды –0,6%
Зілділігі орташа сублетальды -1,9-2,5%
Кіші аномалиялар немесе микро белгілер – 3% 
 
* Көрініс беруі бойынша
Оқшауланған – бір мүшеде 
Жүйелік – бір жүйедегі бірнеше мүшедегі 
Көптік – бірнеше жүйедегі бірнеше мүшенің зақымдануы. 
*Онтогенездің пренатальды сатысында пайда болуына байланысты: 
Гаметопатия 
– бұл ұрықтануға дейінгі гаметалардағы патологиялық өзгерістер. Бұл 
өзгерістер спонтанды түсікке және тұқым қуалайтын ауруларға әкеледі. 
Бластопатия 
– ұрықтанудан кейін алғашқы екінші аптадағы зиготаның зақымдануы. Осы 
кезеңде зақымдану факторының әсеріне ұрықтың жауап беруі «барлығы немесе ештеңе» 
принципімен, яғни ұрық тіршілігін жояды немесе репаративтік қабілеті жоғары болса, әсер 
еткен факторларды «сезбей» ары қарай дамиды. Мысалдар: циклопия, сиреномиелия, егіздер 
ақаулығы (егіздердің толық немесе толық емес ажырауы), жатырдан тыс жүктілік. 
Эмбриопатия 
– эмбрионның зақымдануының тератогендің әсер ету аралығы ұрықтың 
дамуының 16 аптасынан жүктіліктің 8 аптасына дейінгі әсері. Бұл кезеңде онтогенездің барлық 
жасушалық механизмдері іске асырылады: пролиферация, миграция, адгезия, апоптоз, нақты 
гендермен бақыланып, іске қосылып және істен шығарылып отырады. Осы кезеңде әсер ететін 
зақымдаушы факторлар кез-келген жасушалық механизмдерді бұзады да дамудың туа біткен 


ақаулықтарына әкеледі. Мысалы, жасушаның пролиферациясының бұзылуы мүшелердің
гипоплазиясына немесе аплазиясына дизрафия немесе жырық ерін және жырық таңдай, жүйке 
түтігінің ақаулықтарына әкеледі. Жасуша миграциясының бұзылуы мүшелердің 
гетеротопиясына, агенезияға әкеледі. Мысалы, лиссэнцефалия (мидың тегістенуі). Апоптоздың 
бұзылуы синдактилияға, ішектің бітеулігіне әкеледі. 
Фетопатия 
– ұрықтың дамуының 9-аптасынан басталып туылғанға дейінгі аралықта 
қалыптасатын даму ақаулары. Эмбриопатияға қарағанда сирек кездеседі. Фетопатияға 
қызметінің бұзылуы жатады: урахус –зәр шығару өзектерінің бітіспеуі, артериялық өзектің 
ашық болуы- боталлов өзегінің бітіспеуі, крипторхизм аталық жыныс безінің ұмаға түспеуі, 
бүйректің жамбас қуысында қалуы, әйелдің сусамырмен ауырғандағы ағзаның 
интоксикациясының себебінен болатын – диабеттік фетопатия, алкоголдің әсерінен 
(алкогольдік фетопатия) пайда болатын даму ақаулары. 
Даму ақаулықтарының типтері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет