Сабақ. Адамның онтогенезінің ерте сатысының жасушалық механизмдері. Ақпараттық-дидактикалық блок Онтогенез


мальформация, дизрупция, деформация, дисплазия



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата15.11.2023
өлшемі269,46 Kb.
#122465
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
7 тақырып Ақпараттық блок Онтогенез

мальформация, дизрупция, деформация, дисплазия
.
Мальформация (malformation
)-құрсақтағы дамудың (генетикалық материалдың) 
бұзылуына байланысты мүшелерде морфологиялық ақаулықтардың пайда болуы. Оған мысал 
– тұқым қуалайтын синдромдар, полидактилия, қоян ерін, қасқыр таңдай.
Дизрупция немесе деструкция
(disruption)- сыртқы ортаның (ишемия, инфекции, травма) 
тератогендік факторлар әсерінен мүшенің дамуындағы морфологиялық өзгерістер. Мысалы. 
амниотикалық тартылыстар, жүктілік кезінде талидомида препаратын пайдалану ұрықты аяқ- 
қолдың дұрыс дамымауына әкеледі.
Деформация (deformation)
– ана ағзасына сыртқы ортаның механикалық әсерінен 
мүшелердің пішінінің морфологиялық өзгеруіне алып келеді, оған мысал аз сулылық, миома. 
Мысалы –жатырдың фиброзынан ұрықтың басы, көп ұрықтылық жүктілілігінен ұрықтың аяқ-
қолдары қысылып, деформацияланады. Механикалық әсерден мүшелердің деформациялануы 
байқалады, оған мысал маймақтық. Көп жағдайда туылғаннан кейін маймақтық жойылып 
кетеді.
Дисплазия (displasia)-
ұлпаларды түзетін жасушалар құрылымының бұзылуы, мүшелердің 
морфологиялық өзгерістеріне, қан жасушаларының дифференцациясы мен дәнекер 
ұлпаларының бұзылуларына алып келеді. Бұл патологиялардың көбісі моногенді тұқым 
қуалайды. Мысалы, эктодермалық дисплазия, жамбас буынының таюы,дисплазиясы, Марфан 
синдромы және т.б. Эктодермалық дисплазия кезінде эктодермалдан түзілетін ұлпалардың 
барлығының зақымдануы жатады: тері, тырнақ, шаш. 
 Даму ақауларының сызбасы


Онтогенетикалық даму кезінде ұрық әр түрлi факторлар әсерiне өте сезiмтал келеді. Оны 
онтогенездiң қауiптi (қатерлі) кезеңдерi деп, ал оған зиян келтiретiн факторларды тератогендi 
факторлар деп атайды. Қатерлі кезеңдерді зерттеуде П.Г. Светлов, дифференциация, 
детерминация кезеңдері онтогенездің қатерлі кезеңдеріне сәйкес келетіндігін көрсетті. Қауіпті 
кезеңдер әртүрлі мүшелердің дамуының бір-бірімен уақыты бойынша сәйкес келмеуі мүмкін. 
Ұрықтың дамуының бұзылу себебі, сол уақытта әсер ететін факторлардың әсеріне 
сезімталдылығы жоғары болуы мүмкін. Сондықтанда қалыптасып біткен мүшеге қарағанда, 
қалыптасып жатқан мүше патогендік факторлар әсеріне сезімталдылығы жоғары болады. 
Сондықтанда әртүрлі факторлар бiрдей патологиялық өзгерістер тудыруы мүмкiн. Әрбір 
мүшенің өзіне тән қауіпті кезеңдері болады. Әртүрлі мүшелердің зақымдаушы әсерлерге 
сезімталдылығы эмбриогенездің кезеңдеріне байланысты болады. Адамның антенатальды 
онтогенезінің үш қауіпті кезеңдерін ажыратады: 
Имплантация
- бұл ұрықтанғаннан кейiнгі 6-7 тәулiк немесе жүктіліктің бірінші апта 
соңында және екінші апта басында ұрықтың жатырдың кiлегей қабатына енуi. Бұл кезде 
ұрықтанған жұмыртқаның 50-70% тұқым қуалайтын күрделі ақаулықтардың дамуы 
салдарынан ұрық дамымай өздігінен түсік түседі не өлі туылады. 
Плацентация
– жүктіліктің үшініші мен алтынша апта аралығында плацентаның түзiлуi, 
ұрықтанғанан кейiнгі 14-15 тәулiк. Туылу – жүктіліктің 39-40- апталары. 
Тератогенез 
– зиянды орта факторларының (радиация, химиялық қосылыстар, дәрілік препараттар, 
инфекциялар ) әсерінен ұрықта даму ақаулықтарының пайда болуы. Тератогенездің негізгі үш 
шарты бар:
1. Бір типті тератогендер дамуыдың әртүрлі мерзімінде әртүрлі аномалиялар тудырады.
2. Әртүрлі тератогендер бiрдей паталогиялық өзгерістер тудыруы мүмкiн 
3. Аномалиялар типтері тератогендердің әсер ету кезеңдері мен ұрықтың даму сатыларына 
тәуелді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет