55
қажеттілігі «күтуді» (білімнің кейбір элементін айырып танудан алдын ала
анықтау) енгізуге әкелді. Зерттеу барысында М.Мински
мына тұжырымға
келді: болжамға қарамастан айырып тану процесі (адамда) ӛте ұзақ уақыт
алады, ол объекті («күту») кӛріну алдында басталады және айқын
аяқталмайды. Бұл процесс ӛзінің
табиғаты бойынша тізбекті, себебі микро
жағдайларды егжей-тегжейлі зерттеуді және оларды басқа микро
жағдайлармен келісуді қажет етеді. Сосын, ол ӛзінің
теориясын растау
кезінде, қайталанған айырып тану процесін талқылады – жаңа ғана ӛткен
бӛлмеге роботтың қайтып келуі. Осында М.Мински есіктің сыртына бір
минутқа шыққан адам әбден басқа бӛлмені тапқаны туралы мысал келтірді.
Айырып тану, ойлау және қиял процестерді М.Мински фреймдерге
арналған типтік операциялар ретінде кӛрсетті: кейбір фреймды ӛзіне сәйкес
желіден таңдау, оны толтыру (бос мәндері де болу мүмкін)
және жаңа
фреймге ауысу (кейбір байланыс кӛмегімен). Адамға ұқсайтын роботтардың
кӛзі туралы проблемамен жұмыс істеген кезде, ол мұндай тұжырымға келді:
адамның санасында және соқыр сезімінде (түйсігінде) кейбір «басты»
фреймдердің жиынтығы бар. Кеңістіктік сахналарды айырып тану үшін, ол
«кӛкжиек сызығы», «үсті», «асты», «оң жағы» және «сол жағы» бар
«бӛлмені» немесе абстракты «қорапты» анықтады. Осындай қорапты оң
жағындағы қабырға сол жақта болып қалатынан қорықпай айналдыруға
болады (кейбір кӛзқарас жағынан, яғни кейбір кӛкжиек сызығы жӛнінде).
Білімдерді
фрейм арқылы ұсынуы, байқаушының позициясы
ӛзгергенде, бұйымдар тұрған орнын қайтадан есептеуден бас тартуға болады.
Мысалы, баланың кеңістіктік ойлауы (фреймдер жүйесі) 8-9 жасқа таман
толық қалыптасады.
6.2-, 6.3-, 6.4-суреттерде
М.Минскидің ӛзіндік фреймдері кӛрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: