Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік


Академиялық жазылым және ғылыми стиль



Pdf көрінісі
бет3/48
Дата15.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#122711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
6. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Академиялық жазылым және ғылыми стиль 
Академиялық жазылым – арнайы мамандықтарға байланысты студенттердің оқуға міндетті 
немесе таңдап алған пәндері бойын- ша белгілі бір тақырып төңірегінде түсініктер мен 
пікірталастар баяндалған әдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы және оларды қолдану 
арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі. Бұл жазба жұ- мысы студенттерді өз бетінше 
зерттеу жұмысын жүргізуге, жоба- лық жазба жұмыстарын жазуға машықтандырады.
Тілдік қарым-қатынас өзара байланыс жасау мақсатында құрылатыны белгілі. Осы орайда 
қарым-қатынасқа түсуші өз мақсаты мен міндетіне қарай байланыс құралының стилін 
таңдайды. Тіл білімінде стильдің бес түрі (ауызекі, публицистикалық, әдеби, ғылыми, 
ресми іс-қағаздар) бар. Осы стильдердің ішіндегі академиялық жазылымға тән стиль - 
ғылыми стиль болып табылады. Түрлі слаларға байланысты жазылған ғылыми еңбектердің 
барлығы ғылыми тілмен жазылады. Негізінен ғылыми стильге қойылатын басты талаптың 
бірі логикалық жүйелі ой түрінде жазылуы тиіс, бұл ғылыми стильдің ерекшелігі.
Академиялық бағыттағы жазба жұмысының тілі көпшілікке, мәселен белігілі бір ғылыми 
сала жөнінде терең білмейтін қарапайым оқырманға түсінікті болуы тиіс. Яғни, студенттің 
эссесі экономикалық бағытта жазылғанымен, оны арнайы экономикалық мамандығы жоқ 
оқырман еркін түсіне алуы тиіс. Сонымен, академиялық жазылым ғылыми көпшілік 
стилінде жазылады. Ал, таза ғылыми стиль немесе ғылыми-оқулық стилі нақты бір ғылым 
саласына бағытталып, тек қана осы саланың маманына ғана түсінікті тілде жазылуы мүмкін.
таза ғылыми стиль;
ғылыми-оқулық стилі; 
ғылыми көпшілік стиль. 


Ғылыми стильдің жүйесі, ондағы сөйлем құрылымы, баяндама сипаты әдетте, күрделі 
болып беріледі. Мұндағы негізгі ерекшелік анықтама, дәлелдеме және формулаларға 
негізделуінде.
Академиялық жазылымның мақсаты ғылыми тұрғыда жазылым әрекетіне дағдаландыру
демек ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарын және тағы басқа ғылыми бағытта жазылатын 
еңбек- терді жазуға үйретеді. Сонымен ғалыми стиль, 
біріншіден, жазба стилінің бір түрі, 
екіншіден, логикалық оймен жазылуы тиіс, үшіншіден терминдер қолданылады. 
Ғылыми стильдің басқа стильдерге қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Оның өзге 
стильдерден ерекешелейтін қасиеттері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет