Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік


түсінікті, құрылымы жүйелі болуы қажет



Pdf көрінісі
бет5/48
Дата15.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#122711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
6. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

түсінікті, құрылымы жүйелі болуы қажет. 
Академиялық мәтіннің құрылымы күрделі, себебі ғылыми мәлімет беруді көздейді. 
Мәтіндер тілді меңгертуде маңызды компоненттердің бірі болып табылады. 
Мәтіндерді қолданысқа 
түсуіне қарай ғылыми, ғылыми-көпшілік, көркем-әдебиет, 
газеттік мәтіндер
деп бөліп қарастыруға болады. 
Ғылыми-көпшілік мәтіндер
арнайы мамандығы жоқ оқырмандарды ғылымның 
жетістіктерімен жеткілікті түрде хабардар етеді.
Газеттік мәтіндер
(ақпарат, репортаж, комментарий, корреспонденция) саяси 
идеялық ақпараттарды жеткізеді.
Ғылыми мәтіндер
белгілі бір заттың, деректің, құбылыстың заңдылығын суреттейді. 
Ғылыми мәтіндерге: 
мақала, очерк, реферат, рецензия, аңдатпа, жоспар, тезис, сын-пікір, 
ғылыми хабарларды т.б.
жатқызуға болады. 
Ғылыми мәтіннің басқа мәтіндерден айырмашылығы:
оның құрылымы, 
ұйымдастырылуы ерекше бір үндесуге, бірізділікке бағытталады. Тілді тиянақты білу мен 
меңгеруде ғылыми мәтінді игерудің жолдары көп. Ол сөйлесім әрекеті, соның ішінде 
оқылым арқылы, оқылымға қатысты амалдар арқылы тиімді іске асады. Нақты бір 
ақпараттан хабардар болу үшін грамматикалық және лексикалық қорды игеру жеткіліксіз. 
Ол үшін 
ғылыми мәтіннің ерекшеліктеріне 
назар аудара отырып, оның ең маңызды, 
басты бөліктерін айқындай білу керек, сондықтан оқылған мәтіннен белгілі бір ақпаратты 
алу үшін оны түсініп оқудың маңызы зор. 
Академиялық бағытта жазылған мәтіннің мынадай негізгі ерекшеліктері болады: 
күрделі, 
формалды, нақты, объективті, шектеулі 
және 
жауапкершілікті
. Бірақ, мәтіннің жа- 
зылуының басты талабы - анық және түсінікті тілмен жазылуы.
Күрделі. 
Жазба тілі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі 
сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңінен 
қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет