Жазбаларды қабылданған шартты таңбаларды қолдану арқылы жүргізуге болады.
Материалды конспектілеп отырып, әртүрлі таңбаларды, қысқартуларды қолдану міндетті
түрде қажет. Мұндай таңбалар көрсетуші немесе бағыттаушы белгілер, сұрақ белгісі мен
леп белгісі,
PS
(постскриптум, кейін жазылатын сөздер немесе мәтін) белгісі және
NB
(назар аударыңыз) белгісі болуы мүмкін. Мысалы, «
демек, сондықтан
» сездерін =>
математикалық таңбасымен белгілей аласыз. Өзіңіздің жеке таңбалық қорыңыз
қалыптасқан кезде материалды конспектілеу тіпті оңайға түседі, кейін оны оқу тез әрі жеңіл
болады. Сөздерді жазғанда қысқарта беру кейін оны оқыған кезде сізге қиындық келтірмеуі
тиіс екенін есіңізден шығармаңыз. Не жазғаныңызды түсінбей, таңбалардың
мағынасын ашуға уақыт жоғалтпас үшін қалыптасқан қысқартуларды қолданыңыз.
Дұрысы, жеке өзіңіздің қысқартулар жүйесін әзірлеңіз және ол қысқартуларды
барлықжазбаларыңызда сол сөздерге қатысты бірдей қолданыңыз. Мысалы, үлкен әріппен
Достарыңызбен бөлісу: