Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік



Pdf көрінісі
бет38/48
Дата15.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#122711
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48
Байланысты:
6. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Рефераттың құрылымы 
Кіріспе.
Кіріспеде тақырыпты таңдау негізделеді, реферат жазылатын тақырыптың 
деректері (аты, қайда, қашан жарияланғандығы туралы) берілуі, автор туралы мәліметтер 
(аты- жөні, мамандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы) хабарлануы мүмкін, таңдалған 
тақырыптың қарастыратын мәселесі ашылады. 
Негізгі бөлім.
Мәтін мазмұны беріледі және негізгі тезистер 
дәйектеледі. 
Қорытынды
. Рефератта жазылатын мәселе бойынша жалпы 
қорытынды жасалады. 
Рефераттың мынадай белгілері болады: 
• реферат мазмұны реферат жазылатын дерекккөздің мазмұнымен 
толықтай байланысты болады; 
негізгі ақпарат бұрмаланбай, оған субъективті баға берілмей 
нақты мазмұндалады; 


• тұрақты құрылымы болады. 
Рефераттың стилі 
Рефераттар «аса маңызы бар», «ерекше көңіл белінеді», «мәселе көтеріледі», «мынадай 
тұжырымдарға келдік», «зерттеліп отырған мәселе», «аталған мәселе» және т.б. сияқты 
стандартты, қалыптасқан тілдік оралымдармен жазылады. Рефераттың тілдік және стильдік 
ерекшеліктеріне талдап қорыту сипатындағы сөздер мен тілдік оралымдар, клишелер 
жатады. Рефератты материалды бері мен ойды жеткізудің өз логикасы бар, материалды 
мазмұндаудың 
белгілі 
бір 
объективтілігі 
болады. 
Мұның 
бәрі 
автордың 
лексикасыныңжеткіліксіздігінен емес, рефераттың жазылу стилінің, тілінің ерекшелігімен 
байланысты (әсіресе, арнайы терминдер, оралымдар қолданылатын арнаулы бағыттағы 
материалдар). 
Жұмыс аяқталған соң бағасы қойылған тиісті пікір берілуі керек. 
Пікір мынадай факторлардың негізінде құрылады: 
• зерттелген тақырып бойынша автордың білімінің тереңдігі (қарастырылған мәселенің 
қазіргі заманға лайықтығы мен өз уақытында орындалуы, автордың зерттелген мәселенің 
езектілігіне қатысты еңбектермен танысу дәрежесі, дерекксездерге сілтеме беруі, жұмыста 
зерттеу нәтижелері мен белгіленген ғылыми дәйектерді пайдалану дәрежесі); 
• реферат авторыныңжеке еңбегі (ұсынылатын оқу бағдарламасынан басқажұмысты 
жазуда пайдаланылған қосымша білім, жазған материалы мен қарастырған мәселенің 
жаңалығы, зерттелген мәселенің ғылыми маңызы мен тақырыпты меңгеру деңгейі); 
• рефераттың сипаты (материалды беру логикасы, автордың сауаттылығы, жұмыстың дұрыс 
ресімделуі, рефераттың барлық стандартты талаптарға сәйкестігі). 
Плагиат 
Жоғары оқу орнында реферат жазу студенттердің алған білімдерін көрсету үшін курс 
қорытындысы бойынша есеп беру сипатында жиі қолданылады. Интернеттің дамығаны 
соншалық, Қазақстанда және бүкіл әлемде білім-ғылымның түрлі салалары бойынша дайын 
рефераттардың таралуына кең жол ашылды. Кейбір интернет-ресурстар дайын 
жұмыстарды ақшаға немесе ақысыз жүктеп алуды ұсынады. Желілерден дайын 
рефераттарды жүктеп алуға көп күш жұмсалмайды. Тек сыртқы бетін өзгертсе, жетіп 
жатыр, алайда мұндай көшірулер білім сапасының нашарлауына әкеліп соғуда. 
Реферат өткізген кезде плагиат мәселелерімен бүкіл әлем күресуде: кейбір жоғары оқу 
орындарында плагиат жұмыстар үшін студенттерді оқудан шығарып жібереді. Осыған 
байланысты көшіріліп жүктелген рефераттарды анықтау үшін арнайы әзірленген 
американдық Turnitin (ағылшын) жүйесі немесе ресейлік «Антиплагиат» бағдарламалары 
компьютерлерге қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет