Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


6 Ф илософия тарихы



Pdf көрінісі
бет3/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

5


6
Ф илософия тарихы
шықпайтыны секілді, философиялық ойдың тууына белгілі бір алғы шарттар 
қажет. Олар - әлеуметгік, теориялық-танымдық, тарихи шарттар. Бұл үдерістер 
тарихи практика көрсетіп отырғандай, философиялық мәдениеттің ұзақ та, та­
рихи дамуының жемісі екендігін көрсетеді. Мэселен, Ежелгі Үнді мен Қытайда 
ғылымның кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы, математика, астро­
номия, медицина саласындағы жетістіктер философиялық ілімдердің дамуы- 
на үлкен эсерін тигізді. Мұны дэуірімізге дейінгі үшінші ғасырда пайда болған 
Ежелгі Қытай мен Үнді философиялық мектептері экелді.
Орта ғасыр ислам философтары Аристотель мен Платонның трактаттарын 
араб тіліне аударып, шығыс перипатетизмінің негізін қалады. Кейін сол аударма- 
ларды XI ғасырда Испанияның перипатетизм өкілдері араб тілінен латын тіліне 
аударды. Бүл аударма қолжазбалар бүкіл Еуропаға тарала бастады. Сөйтіп, кейінгі 
ұрпақты естен шыға бастаған ілімдердің рухани мәдениеті мен еркін ойлауға
өмірге деген сүйіспеншілік көзқарастар негізінде тәрбиелейді. Осы кітаптардан 
бастап ортағасырлық Еуропада ренессанс ұғымы дүниеге келді. Ренессанс - бұл 
эллинизм Еуропадағы өркендеуі. Ол Ежелгі Грекия мен Ислам әлемінде бастау 
алған генетикалық бай тұқым болды. Осыдан бастап батыстық өркениеттің алып 
ағашы өсіп шықты.
Қазіргі таңда Еуропалық бұқаралық санада ислам өркениеті Еуропа мэде- 
ниетіне қарама-қайшы деген пікірлер де бар. Бұл орайда Ислам әлемінің ірі 
тұлғаларының Еуропа ғылымы мен өркениетіне қаншалықты ықпал еткенін, осын- 
дай нақты дәлелдермен қашан да еске салып отырғанымыз маңызды. Мәселен, эл- 
Фараби, ибн-Сина, эл-Ғазали, ибн-Рушдтардың ілімін жалғастырушы еуропалық 
мұсылман ойшылдьпына жақын ойшылдар - Спиноза, Пильсон, Маритен, Хар­
тман сияқты философтарды айтсақ та жеткілікті. Біздіңше, бұл - батыс пен ислам 
өркениетінің рухани сабақгастығының дәлелі.
«Су түбінде жатқан тас, жел толқытса шығады, ой түбінде жатқан сөз, шер 
толқытса шығады», - демекші, оқулықга жазылғандардың барлығы авторлардың 
тақырыпқа сай қарастырылған өзіндік ой-пікірлері болып табылады. Біздің ба- 
сты мақсатымыз - студенттерге философия тарихынан мүмкіндігінше ой-пікір 
қалыптастыру және қазіргі таңдағы философиялық компаративистика түрғысьшан 
олардың философия тарихына деген қызығушылықтарын тудырып, оны жан- 
жақты зерттеуге талпындыру.


К ІРІСПЕ
Философия тарихын танудың басты мәселесі - тарихта өткен зерделі фи- 
лософтардьщ ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір бі- 
лімділік жүйеге лайықтап, осы заманға, қазіргі оқушылар мен зиялы қауымға 
бұрмаламай жеткізу. Өткеннің білімі жаңаша философиялық ілімге мұрындық бо- 
лып, түбегейлі және негізделген ғылыми-методологиялық нәтижелерге бастауцы 
қамтамасыз етеді.
Философия тарихы зерттелінген еңбектер ерте заманнан белгілі. Ғұлама ой- 
шылдардың шығармашылық мұралары, олардың философияға қосқан үлесі, 
мэселелері жайлы әр елдің, эр заманның тарихшылары айқындап кеткен тұ- 
жырымдар, келелі ақыл мен сезім, даналық пен түсінікке, интеллектуалды ин- 
туицияға негізделген идеялар баршылық. Оларда қоғамдьщ сананың ерекше ту- 
pi ретіндегі философияның пайда болуының алгышарттары - мифологияның
дінтанудың, халықтардың қарапайым санасының, алғашқы ғылыми ойлардың ти- 
гізген әсері толыққанды эрі жан-жақгы сипатталған.
Тарихи-философиялық процестің дамуының өз зандылыктары болады. 
Кезінде орын алған «идеялардың филиациясы» (тек ойдан ғана ой туады), 
«данышпандардың инициативалары» (тек ғұлама данышпан ғана ойды дамытады 
деген концепция) немесе философиялық ойдың қандай да бір әлеуметтік топ- 
тың болмысынан тікелей туындайды деген дөрекі идеялардың жетегінде кетіп, 
осьшардың тек қана біреуімен философия тарихын екшеп, оның өзіндік ерекше- 
ліктерін талдап-таратуға мүмкіндік бар деген қағидалар орын алған еді.
Жалпы тарихи-философиялық процестің ішкі даму логикасын мұндай 
біржақтьшық позициямен талдау қате. Тек ғылыми методологияны қолданып, екі 
жарым мың жылдық тарихы бар, ұлан-ғайыр ақыл, зердё, пайым, тұжырымдар 
мен түсініктерге мол, келелі мектептері, жүйелері мен ұстанған бағыттары бар, 
кемеңгер ойшьиідар мекендеген мұндай ауқымды рухани кеңістікті игеруге қол 
жеткізуге болады.
Философия тарихының ғылымға айналу жолында эрбір заман талабына бай- 
ланысты бірқатар ойлау жүйелері мен стильдері қалыптасқан еді. Оларды саралап 
қарасақ, біріншіден, философия тарихын обьективті процесс ретінде қабылдау 
қажеттігі туады, себебі ол субъективті ойлау құрылымдарын субъективті сынау 
ғана емес, керісінше, эрбір философтың қалдырған ізгі объективті шындығының 
бір бөлігі немесе жанамасы. Осыдан келіп, екіншіден, философия тарихы оку пэні 
ретінде қалай көрінуі қажет деген мәселе туындайды. Идеалды түрде осы екеуінің
7




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет