Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


Жігітек пен Құнанбайдың арасындағы үш күндік шайқастың себебін еске



Pdf көрінісі
бет40/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar

Жігітек пен Құнанбайдың арасындағы үш күндік шайқастың себебін еске 
түсіріңдер.

Жазушының «қаралы көшті» қалай суреттегеніне мән беріңдер.

Құнанбайдың Омбыға айдалуына не себеп болды?
Өрде
Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген. Алшынбай бұ-
лар келер қарсаңға, кең сулы, кең бір жазыққа кеп қонған екен...
Ұлжан Алшынбайдікіне көп қазына әкелді... 
Басқа үкі тағу – бар күйеудің әдеті. Ол ғана емес, қызыл манат шапан 
мен биік өкше етік киіп, елден ерекше ұзын төбе тымаққа үкі тағып алу 
бұл өңірдің бар күйеуіне жол болатын...
Күйеуге арналған үй өзге үйлерден де ерекше, шатырдай аппақ екен. 
Ішінде жүк, сандық көп емес. Кең болсын деп бос қойыпты... Үлкен бұ-
йымынан – оң жақта әдемі сүйек төсек тұр. Он бес қатардай жібек көмке-
рудің үстіне құстөсек, үлкен ақ жастықтар, шағи көрпелер жиналыпты. 
Көкшіл қызғылт өңі бар шілтері шымылдық биік төсектің жоғарғы жағын 
перделеп тұр...
Шымылдық түсірулі. Үй ішіне үш үлкен әйел кірді. Ортадағысы Абай-
дың үлкен енесі – Алшынбайдың әйелі, семіз, қара бәйбіше. Қасындағы 
орта жаста, ақ сары әйел – Абайдың өз енесі. Түсіптің қатыны.
– Ал, шешелер, көрімдік!..
– Алыңдар! Көрімдік сендердікі. Бірақ бізге баламыздың жү зін көр-
сетіңдер, алыңдар! – деп, үлкен бәйбіше қолына шашуын алды. Сол сәтте 
атлас шымылдық шалқия ашылды. Күйеулер бұл кезде төмен иіліп, тәжім 
қып тұр екен. Үлкен бәйбіше:
– Өмір жасың ұзақ болсын! Алдыңнан жарылқасын, қара ғым! – деп 
шашуын шашты... 


159
Күйеуді қоршаған қыз-келіншекте сан жоқ. Бірақ осындай шат-шады-
ман думанның тап ортасында боларлық кісі – қалыңдық болса, Ділдә бол-
са, ол әлі көрінбеді.
Абайдың бұл келісі: ұрын келу деп, жыртыс сала келу деп, кейде есік 
көре келу, қол ұстау деп те аталады. Ең алғашқы келіс – осы. Өзге келіс-
тердей емес, күйеу бұл жолы алғашқы күндерде талай нәрсеге көндіге білу 
керек. Сол өзгешеліктің үлкені – қалыңдықты оңай көрсетпеу...
Бұлар келген күннің ертеңінде Ербол ғана барып, Ділдәға амандасып, 
жүз көрісіп қайтты... 
Бұл той Алшынбайдың үлкен той етем деген бір мерекесі екен... 
Тыстағы ойын: ат шабыс, көкпар, серке тарту, теңге алу, балуан кү-
рестіру – баршасы да осы күні болды... 
Осы күні кешке Абай ең алғаш рет қалыңдығын көрді...
Ділдә келісімен ас жасалып, төр де, шымылдық іші де ас жеді... Сол 
астың артынан төрде отырған, түсі Абайға көрінбейтін бір молда неке оқы-
ды. Суық су құйған бір кесе төрдегі жұртты жағалап кеп, Абайға ұсыныл-
ды. Абай ұрттады да, Ділдәға берді.
Осының артынан екі жеңге ақырын күлісіп кеп, Абай мен Ділдәнің ал-
дына қарсы отырып, екеуінің де оң қолдарын алып, біріне-бірін ұстаттыр-
ды. Екі қолдың арасында бір қабат сусылдаған жібек жүр. Сол арқылы 
ұстатады екен…
Жеңге Абайдың қолын өзі көтеріп апарып, Ділдәнің арқасындағы қос 
бұрымына тигізді. Әлі де Абай қолының астында жаңағы жібек жүр. Сол 
жібекпен Абай бір-екі рет сипап өтті.
Қол ұстату, шаш сипату деген атақты ырымдар – осы. Шаш сипар-
дың алдында күйеу жақтан берілетін үлкен сыйы болады. Жаңағы Абайды 
мысқылдаған ашық жеңге сол шаш сипарды Ұлжаннан бір сыбаға ғып 
алған екен.
Некеқияр мен той салтының бәрі өткен соң, үлкендер тегіс дауыстап 
бата қылысты да, жалпыға айтқандай боп:
– Қайырлы болсын!..
– Құтты, құтты болсын! – десті... Осыдан соң барлық үлкендер қауырт 
көтеріліп, шығып кетті.
...Айырылысар кезде Абай мен Ділдә бір-біріне үйреніскен болатын, оқ-
та-текте қалжыңдап та отырысады. Ділдә Абайға сүйкімді, сұлу көрінді. 
Абайдың пішініне Ділдә да үйренді. Бірақ іштей екеуі де бір-біріне қабыс-
пайды, салқын күйде қалысты.
Үлкендер зор меженің бірі деп білетін өмір белі ұрын бару болса, Абай 
содан асты... 


160
* * *
Абайлар келгенде, жұрт тегіс Шыңғыс сыртында жайлауда екен. Өз 
ауылдарының шеті – Дөңгелек қоныста отырған Күнкенің аулы. Құнанбай 
сонда еді... 
Абай үйге кеп, әкесіне ажарлана қарап отырып:
– Әке, осы шілденің күнінде, ен жайлауда, шөп деген тұтып тұрған 
шақта жер қорыған, ағайынға реніш салған не қисынға сыяды? – деді...
Құнанбай баласының бұл жолғы үнінен өзгешелік көрді... 
Алғашқы сөзіне қарсы дүрсе қоя берген ашуды көрмеген соң, Абай тағы 
бір сөз бастады...
– Тағы бір жайды айтуға рұқсат етіңіз. Ол мына Бөжейдің асы туралы... 
Өлімінде оқшау қап ек, енді, тым құрымаса, мынау асына атсалысайық! – 
деді.
Құнанбай өткен жылдың ызасын еске түсіріп:
– Мен қайтейін! Кел демесе, кимелеп барам ба?.. – деді де, бұл сөзді 
жақтырмағанын сездірді.
– Ендеше сіз бармаңыз. Бірақ бізге рұқсат етіңіз... 
Бұл тұста Абай көңілінде әзірлеп алған байлау бар сияқты. Онысы бір 
өзінен басқа ешкімге мәлім емес. Ұлжан да қазір баласының сөзін ойлана 
тыңдап қапты...
Құнанбай басын көтеріп, тымағын киіп, тұруға айналды... 
– Мейілдерің! Маған десе, аяғына бас ұр Байдалы мен Байсалдың! – деді 
де, шығып кетті.
Көнгені осы. Қай көңілімен көнді? Қиналып, қынжылып көне ме? Ке-
кесінмен көне ме? Оның ар жағын Абай елеген жоқ... 
Енді шешелерімен оңаша отырып, өз ойынша қалай араласатынын ап-
айқын қып, таратып-таратып айтып берді... 
Зере мен Ұлжан осы іске көмекші болсын деп, Ызғұттыны шақыртып, 
дәл осы күні Абайға ақылшы ғып қосып берген.
Абай өз ағайындарының ішінен Құдайбердінің болыспағын қажет деп 
білді. Оған өзі барып, ұзақ әңгімелесіп, бар ниетін айтып, ұғысып қайтты. 
Құдайберді Абай керек еткен жәрдемінің бәрін жеткізіп тұрмақ болды...
Келесі күні Абай атқа мінді. Қасына ерткені – жорға Жұмабай мен 
Мырзахан. Бұл үшеуі Қазбаланы өрлеп, Көтібақ пен Жігітектің қалың 
ауылдарын аралап отырып, сол өлкенің орта тұсындағы Бөжей аулына 
келді... Абайлар, ең алдымен, Бөжейдің қаралы үйіне түсіп, Құран оқы-
ды... 


161
Осы ауылдың қасында ас иелерінің жиыны түгел екен... Ортасындағы 
үлкендері – Байдалы, Байсал, Сүйіндік.
...Осы үлкендердің бұйрығын күтіп, қас-қабақтарын қарап жүрген жас 
жігіттердің ішінде Ербол бар. Абайдың бұрыннан жақсы білетін бір таны-
сы Жиренше де осында...
Жиренше де Абайға енді жылы ұшырап амандасты... 
Абай осы уақытта Байдалыға қарап:
– Байдаш аға, – деп алып, сөзіне кірісті.
Келген жұмысын қысқа айтты. Бірақ орнықты, байыпты қып жеткізді.
Осы жиынға сәлем айтқан Зередей аналары екен. Сол кісідей үлкендер 
жіберіпті. Бөжекеңнің асына ағайын боп атсалыспақ... 
Байдалы Абайды тыңдап алды да:
– Шырағым, бұл сөзіңе ағайын ырза. Бетіңнен жарылқасын. Енді қалай 
кірісесің, ойлағаныңды өзің айт! – деді.
Абай сонан соң кешегі шешелеріне, Ызғұттыға, Құдайбердіге өзі айтқан 
жобаларын айтып шықты...
Осымен ұйқысыз, ауыр түннің үшіншісі өтті...
Астың әлі аяқтамаған арты бар. Онысы Бөжейдің тұлдаған аттарын сою, 
үй ішінде былтырдан жиылған септі тарқату, қаралы теңді бұзу...
Байдалының тапсыруымен Сүйіндік қалың елді бастап, ақ үйге кірді 
де, қаралы теңдерді бұзды... Осы уақытта Бөжейдің әйелі мен екі қызы 
оң жаққа теріс қарап отырып ап, дауыс айтты. Үй ішіндегі барлық жиын 
үндемей жыласты. Бөжейдің аруағына арналған соңғы дауыс, соңғы көз 
жас – осы. Енді ең соңғы Құран оқылып болған соң, жиын тегіс тысқа 
шығып тұрғанда, тұлдаған екі ат келді. Қатты семірген күрең мен қара 
көк асаусып кетіпті.
Екеуін де Бөжейдің туысқандары жыласып тұрып жықты да, Байдалы-
ның өзіне бауыздатты...
Бұл аттың етін жемей кетуге тағы болмайды. Қалғи-шұлғи отырып, сол 
еттің піскеніне Абай зорға жеткен.
Екінді кезінде Бөжей үйінен ет жеп болып, енді үлкендермен қошта-
сып, жүруге рұқсат тілеп еді. Сол уақытта Байсал Абайды қасына шақы-
рып алып, маңдайынан иіскеді де:
– Балам, ...Ана бір жыл Қарқаралыда сенің ажарыңды ұнатып, мейірі 
түсіп кетіп, Бөжікең бата беріп еді-ау! ...Ағайынға әділет ойлап айтқан 
жақсы лебізіңді есітіп жүрмін. Бүгін мынау күндерде Бөжікеңе адал іні 
боп, бетіңді аштың. Жақсы ағаның зор дәмесін әмісе өстіп ақтағайсың! 


162
Ақтарсың деп білемін!.. Өрісің алда! Бетің дұрыс! Дәл осы бетіңнен жарыл-
қасын! – деп, бата берді.
Байдалы, Сүйіндік, Құлыншақ та жақсы пейілмен қостап, бірге бата 
қылысты. Абай еш нәрсе айтпады. Тек қана үлкендерге еріп бата қылып:
– Рақмет! Батаңызға рақмет! Дегеніңіз келсін, Байсал аға! – деді. Осы-
дан соң үй ішімен қоштасты да, Ерболды ертіп, атқа мінді. Бұл уақытта 
Ұлжан да арбасына мініп, жүріп кеткен екен.
Абай мен Ербол желе жортып, ат жүрісіне зорға шыдап отырып, Бота-
қанға жетті... 
Екі түн, бір күн ұйықтаған Абай осы қалың ұйқының уағында өзінің 
қандайлық абыройлы, атақты, жақсы жігіт атымен оянғанын білген жоқ 
еді.
* * * 
Осы кезде ел жайлаудан қайтып, ауыл-ауылдың аралары қашықтап 
кетті...
Әке-шеше өздері ұйғарып, бұйырды да, мұны тағы да қайнына жүргі-
зетін болды... Бұл жолы ай жарым жүріп, Ділдәні алып келді...
Осы күзге Құнанбай тағы да бір топ жанды қырына алыпты. Ендігі ке-
зек – Құлыншақ аулынікі... 
Назар аудар!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет