Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет113/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Миалгия 
Миалгия 
бұлшықеттің 
спазмы, 
жаншылуы, қабынуы немесе ишемиясы 
салдарынан болады. 

Қол-аяқ 
бұлшықеттерінде 
анық 
ауырсынулар 
лептоспироз, 
бруцеллез, 
туляремия, 
қайтымды 
тиф 
сияқты 
инфекциялық 
аурулар 
кезінде 
пайда 
болады. 


166 

Тыныштық жағдайда ауруы және бұлшықеттердің ауырсынуы 
бұлшықеттер 
некрозымен 
жүретін 
ауруларға 
тән 
(мысалы, 
дерматомиозитте). 

Физикалық жүктеме кезінде немесе одан кейін ауырсынудың пайда 
болуы тұқымқуалаушылық метаболиттік миопатия немесе ишемия кезінде 
байқалады (мысалы, склеродермия кезінде). 

Бұлшықет ауырсынуы қалыңдауымен қатар жүрсе бұлшықеттердің 
қабынулық зақымдалуын куәландырады (миозитте, дерматомиозитте, 
трихинеллезде). 

Гиперпаратиреозда, 
токсоплазмозда, 
дерматомиозитте 
және 
оссифицирленген миозитте кальций тұздарының жинақталуы салдарынан 
бұлшықетте терең орналасқан тығыздығы тастай ошақтар (оссификация) 
дамиды. 
 
Бұлшықеттік контрактура
Бұлшықеттік контрактура жиі буын аурулары кезінде және буынға 
жанасып орналасқан бұлшықеттерге таралады, жиі бүккіштерге. 
Бұлшықет күшінің төмендеуі 
Қол-аяқтың проксимальды бөлігіндегі бұлшықет әлсіздігі миопатияға 
тән. Дистальды бөлімдерінде – полиневропатияға, сонымен қатар 
миотоникалық дистрофияға, дистальды бұлшықет дистрофияға тән. 
Физикалық жүктемеден кейін бұлшық ет әлсіздіктің артуы жүйке-
бұлшықет байланысының бұзылысы немесе метатолиттік миопатия
(глюкоза утилизациясының немесе липид алмасуының бұзылыстары) 
салдарынан дамиды. 
Эндокринді аурулардың ішінде бұлшықет әлсіздігіне көбінесе 
гипокортицизм, тиреотоксикоз, гипотиреоз, гиперпаратиреоз, акромегалия 
алып келеді. Бұлшықеттер күшінің жалпы төмендеуі ауыр өтетін аурулар, 
өкпенің созылмалы ауруы, жүрек, бауыр және созылмалы бүйрек 
жеткіліксіздігі кезінде орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет