166
Тыныштық жағдайда ауруы және бұлшықеттердің ауырсынуы
бұлшықеттер
некрозымен
жүретін
ауруларға
тән
(мысалы,
дерматомиозитте).
Физикалық жүктеме кезінде немесе одан
кейін ауырсынудың пайда
болуы тұқымқуалаушылық метаболиттік миопатия немесе ишемия кезінде
байқалады (мысалы, склеродермия кезінде).
Бұлшықет ауырсынуы қалыңдауымен қатар жүрсе бұлшықеттердің
қабынулық зақымдалуын куәландырады (миозитте, дерматомиозитте,
трихинеллезде).
Гиперпаратиреозда,
токсоплазмозда,
дерматомиозитте
және
оссифицирленген миозитте кальций тұздарының
жинақталуы салдарынан
бұлшықетте терең орналасқан тығыздығы тастай ошақтар (оссификация)
дамиды.
Бұлшықеттік контрактура
Бұлшықеттік контрактура жиі буын аурулары кезінде және буынға
жанасып орналасқан бұлшықеттерге таралады, жиі бүккіштерге.
Бұлшықет күшінің төмендеуі
Қол-аяқтың проксимальды бөлігіндегі бұлшықет
әлсіздігі миопатияға
тән. Дистальды бөлімдерінде – полиневропатияға,
сонымен қатар
миотоникалық дистрофияға, дистальды бұлшықет дистрофияға тән.
Физикалық жүктемеден кейін бұлшық ет әлсіздіктің артуы жүйке-
бұлшықет байланысының бұзылысы немесе метатолиттік миопатия
(глюкоза утилизациясының немесе липид алмасуының бұзылыстары)
салдарынан дамиды.
Эндокринді аурулардың ішінде бұлшықет
әлсіздігіне көбінесе
гипокортицизм, тиреотоксикоз,
гипотиреоз, гиперпаратиреоз,
акромегалия
алып келеді. Бұлшықеттер күшінің жалпы төмендеуі ауыр өтетін аурулар,
өкпенің
созылмалы ауруы, жүрек, бауыр және созылмалы бүйрек
жеткіліксіздігі кезінде орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: