22
Мектеп алдына дейінгі кезең (1-3 жас)
Мектеп алдына дейінгі кезеңнің негізгі сипаттамасы (1-13 сурет)
төмендегідей.
Салмақ қосу және бой өсу қарқынының біртіндеп төмендеуі,
бұлшық ет массасының ұлғаюы.
Қозғалыс координациясының жетілуі.
Мұрын-көмей лимфоидты тіндерінің қалыптасуы.
Екінші сигнал жүйесінің қалыптасуы (2 жаста сөз қоры - 300-ге,
3 жаста-1500-ге жетеді).
Сергектік кезеңі ұлғаяды (1,5 жастан күндіз 3 сағаттай
ұйықтайды, түнде 11 сағат).
Тыныс алу жиілігі 25-35 минутына
Жүрек жиырылу жиілігі 100-120 минутына
Гигиеналық дағды қалыптасуы: ерікті зәршығару, нәжісі 1-2
рет күніне.
Бұл кезеңде балалар қоршаған ортамен белсенді қатынасады,
қимылды, білуге құмар, үлкендермен және ересек балалармен араласқанда
сөйлеуі жетіледі. 3 жастың аяғында
балалар ұзақ сөйлемдер құрайды,
пайымдайды, олардың сөйлеуін мәнерлейді (сөз қалпын өзгертіп сөйлейді,
өз сөздерін ойлап табады). Қозғалыс мүмкіндіктері жылдам кеңейеді –
жүруден жүгіруге, өрмелеуге және секіруге дейін.
Бұл кезеңде бала ойнау және үлкендердің іс әрекетін бақылау арқылы
еңбектенуді және тұрмыстық дағдыларға үйренеді. Балада айқын өзіне тән
мінез байқалады, сондықтан тәрбиелеу балалардың басты күтім
элементі
болып табылады. Балалық
шақ әсерін жүктемеу үшін
және
ортаның
жағымсыз
әрекетінен
қорғау
үшін,
күнтәртібін
дұрыс
ұйымдастыру маңызды.
Асқортуының
жедел
бұзылысы,
пневмония,
бронхит,
анемия жиі дамиды,
бірақ
олар
әдетте
сәби
балаларға қарағанда жеңіл
өтеді.
Лимфоидты тіндердің
гиперплазиясы
аясында,
тонзиллит,
аденоидтар,
лимфаденит дамуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: