17
Нәрестелердің туа біткен және тұқымқуалаушы ауруларын
анықтау скринингі, барлық балаларды фенилкетонурияға,
адреногенитальды
синдромға,
туа
біткен
гипотиреозға,
муковисцидозға, галактоземияға зерттеу қажет.
Медико - генетикалық, акушер-гинекологиялық, педиатриялық және
басқа денсаулықсақтау қызметтері өзара байланысты жағдайдайда туа
біткен ақауларды алдын алады. Туа біткен ақаулардың біріншілік алдын-
алу мақсатында төменгі іс-шаралар жүргізілуі қажет.
Жүктілікті жағымды мезгілде жоспарлау.
Қызамыққа қарсы екпе жасау.
Жүктіліктен 1-ай бұрын және І триместр бойы фолий қышқылы бар
дәруменді қабылдау.
Адамның
иммундық
тапшылығын
тудырушы
вирусқа,
токсоплазмозға,
цитомегаловируске,
герпеске
және
басқа
инфекцияларға зерттеу.
Ерлі-зайыптылардың
созылмалы
аурулардың
уақытылы
диагностикасы және адекватты емі (қант диабеті, эпилепсия,
гипертониялық ауру және т.б).
Темекі шегуді, алкоголь ішуді, наркотиктер қолдануды тыю.
Жанұяда тұқым қуалаушы аурулар күмәндігі туғанда генетикке
жүгіну.
Достарыңызбен бөлісу: