Оқулық «гэотар-медиа»


Сурет 8-14. Тамырларды  тыңдау нүктелері  233



Pdf көрінісі
бет158/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Сурет 8-14.
Тамырларды 
тыңдау нүктелері 
233 
Жүректен 
тыс 
шуылдардан 
(экстракардиалды) ең жиі байқалатын 
перикард үйкелісінің шуылы (әдетте 
белгілі аймақта ғана естіледі, басқа 
нүктелерге 
таралмайды, 
жүрек 
тоңдарымен, 
систоламен 
және 
диастоламен 
сәйкес 
келмейді, 
фонендоскопты 
кеудеге 
қаттырақ 
басқанда шуыл қаттырақ естіледі) және 
плевра-перикардиалдық 
шуыл 
(салыстырмалы жүрек тұйықтанудың
сол жақ қырынан естіледі, тыныс алу 
шығында 
күшейеді, 
тынысты 
тежегенде 
жойылады) 
анықталады. 
Тамырлар тарылуында, кеңеюінде және 
аневризмасында шуылдар пайда болуы 
мүмкін. 
Қантамырларының аускультациясы 
Қалыпты 
жағдайда 
дені 
сау 
баланың 
ұйқы 
және 
бұғанаасты 
артерияларынан екі тон естуге болады, 
сан артериясында кейде тек І тон; басқа 
артериаларда тондар естілмейді. Ірі 
артериялар үстінен, олар кеңеюінде 
немесе тарылғанда немесе жүрек пен 
аорта 
қақпақшаларынан 
таралатын 
шуылдарды естілуі мүмкін (сурет 8-14). 
Аспаптық зеттеулер 
Жүректің және ірі тамырларының 
көлемін 
бағалау 
үшін 
эхокардиография, 
рентгенография, 
ангиография, 
компьютерлік 
томография және магнитті-резонансты 
томография 
қолданылады. 
Жүрек-
тамыр 
жүйесінің 
функционалдық 
жағдайын бағалау үшін мөлшерлі 
физикалық 
жүктеме 
сынағы 
кең 
қолданылады. 


234 
Сурет 8-15.
4 жастағы баланың электрокардиограммасы (қалыпты варианты) 
Жүрек ауруларының диагностикасында электрокардиография өте 
маңызды орын алады. Әр жастағы балалардың электрокардиограммасының 
өз ерекшеліктері бар (сурет 8-15). Оның сипатына бала жасына сай оң және 
сол қарыншалардың массасының қатынасы, жүректің кеуде қуысында 
орналасуы, сондай-ақ ЖЖЖ әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет