Оқулық «гэотар-медиа»


тахикардияның бір ғана белгісі.  «Шалыс соғу»



Pdf көрінісі
бет161/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

 
тахикардияның бір ғана белгісі. 
«Шалыс соғу»
сезімі экстрасистолияда пайда болады. Ауыр жүрек 
патологиясында экстрасистолия пайда болғанда, ауруларда әдетте 
субъективті сезінуі болмайды. 
Кардиалгиялар
(жүрек аймағының ауырсынуы) көптеген ауруларда 
пайда болады. 

Жүрек зақымдануынан туындайтын кардиалгиялар коронарлық 
қанайналым аномалиясында (коронарлық жетіспеушілікте басып
қысып ауырсыну төс артында орналасады, мойынға, жаққа және 
иыққа берілуі мүмкін, физикалық және эмоционалды жүктеме кезінде 
өршиді), перикардитте (қозғалғанда, терең тыныс алғанда ауырсыну 
күшейеді), жүрек немесе магистралды тамырлар көлемі күрт 
ұлғайғанда байқалады. 

Жүрек өзгерісі болмағанда кардиалгиялар эмоционалды тұрақсыз 
балаларда неврозда (жиі жүрек ұшында орналасады, күйдіру, шаншу 
немесе сыздау сезімі, эмоционалды көріністермен жалғасады) 
туындайды. 

Жүрек 
аймағында 
рефлекторлы 
ауырсыну 
басқа 
ағзалар 
патологиясында пайда болады (асқазан және он екі елі ішек ойық 
жарасында, холециститте, диафрагма жарығында, қосымша қабырға 
және т.б.). 

Кеуде қуысының сол жағында ауырсынуы тыныс ағзаларының 
жедел ауруларында (трахеит, плевропневмония және т.б) пайда 
болады. 

Кеуде қуысында және прекардиалды аймағында ауырсыну омыртқа 
жарақатында және ауруларында, белдемелі герпесте, бұлшықет 
ауруларында байқалады. 
Ентігу – 
жүрек жеткіліксіздігінің симптомы, ол өкпеде қан іркілуін, 
өкпе тінінің серпімділігін төмендеуін, тыныстану аймағының көлемін 
азаюын тудырады. Жүректік ентігу экспираторлы немесе аралас болады, 
жатқанда күшейеді және отырғанда азаяды (ортопное). 
Ентігу – өкпе венасынан сол жүрекшеге қанның ағуының 


237 
бұзылысынан кіші қанайналым шеңберінде іркілу пайда болғанын 
көрсететін бірден-бір белгісі, бұл бұзылыс митральдық стенозда (жүректің 
басқада ақауларында, сонымен қатар туа біткен ақауларда, алдымен Фалло 
тетрадасында), сол қарынша қуысының тарылуымен жүретін кардитте, 
митральдық қақпақша жетімсіздінде және т.б. пайда болады. 
Жедел және созылмалы өкпелі жүректе және өкпе артериясының 
эмболиясында ентігуді оң жақ қарынша жеткіліксізідігі тудырады. 
Ентігудің ұстамалы түрде күшеюі, цианоздың ұлғаюмен тіркесуі 
ентікпелі-цианозды ұстама деп аталады. Балалардың кейбір жүрек 
ақауларына, алдымен Фалло тетрадасына тән. 
Жөтел
жүрек-тамыр ауруларында кіші қанайналым шеңберінде айқын 
қан іркілуінен пайда болады және ентігумен қосарланады. Сол жақ 
жүрекшенің кеңеюінен, өкпе артериясының дилататиясынан немесе аорта 
аневризмасынан кезбе нерв бұтағының тітіркенуі себебінен жөтел 
рефлекторлы болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет