Оқулық «гэотар-медиа»


жасар балада дәрігер мысық тырнауы руруын болжады,себебі



Pdf көрінісі
бет308/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

5.9 жасар балада дәрігер мысық тырнауы руруын болжады,себебі 
білегінде тырнаулар байқалды. Осы болжам бойынша келесі лимфа 
түйіндері ұлғайған: 
A.тонзилярлы; 
В.шүйделік; 
C.кубитальды; 
D.қолтық астылық; 
E.шап өзегі. 
Дұрыс жауаптары: 1-B,E. 2-C. 3-D.4-C. 5-C,D 


Тарау 14 
Дені сау баланың тамақтануы 
Баланың рациональды тамақтануы физикалық және психикалық 
дұрыс дамуын, талапқа сай иммундық қорғанысын қамтамасыз етеді, 
сондықтан бала организмы өмір бойы айтарлық дәрежеде жағымды 
жағдайда болады.
Баланың бірінші жылында өсуі және психомоторлық дамуы, барлық 
ағзалары мен жүйелерінің қалыптасуы, қарқынды болатындықтан
толыққұнды тамақ рационына ерекше қажеттілікті сезінеді. Осы жаста 
кейбір тағам ингридиенттерін АҚЖ-нің функционалдық сіңіру мүмкіндігі 
шектелген. 
Тамақтандыру түрлері 
Табиғи 
– ана сүтімен қоректену. 
Жасанды
– 
ана 
сүтін 
алмастырушылармен қоректендіру 
(бейімделген сүт қоспалары). 
Аралас
– ана сүтімен (тәулігіне 
150-200мл-ден 
аз 
емес) 
және 
бейімделген 
сүт 
қоспаларымен 
жетілдіре тамақтандыру. 
 
Табиғи тамақтандыру 
Табиғи тамақтандыру - басым физиологиялық, себебі ана сүтінің 
көлемдік және сапалық құндылығы баланың нәруыз, май, көмірсу, 
дәрумендер, минералдар, тұздар қажеттілігін оптимальды қамтамасыз 
етеді (14-1 сурет). 
Табиға тамақтанудан бас тарту – «жүктілік – туу – лактация» 
биологиялық тізбегі эволюциясындағы дөрекі бұзылыс. Ана сүті – бала 
тамақтануында «алтын стандарт». 
Лактация
– сүт безінің сүт түзу үрдісі. Туғаннан кейін алғашқы 2-5 
күн сүт безі уыз бөледі, ол майға, нәруызға бай (басым бөлігі 
альбулиндерге және глобулиндерге), құрамында Jg A, лейкоциттер, А, С, Е 
дәрумендері, В тобы дәрумендері бар. Нәрестені емшекке ерте (туғаннан 
кейінгі алғашқы 30 минут) салған маңызды (14-2 сурет). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет