Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет10/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
Кеңес заманында біз Николай Островскийдің төсек тартып жатып жазған 
«Құрыш қалай шынықты» шығармасын оқып өстік. Сол шығармамен кеңес за-
манында талай ұрпақ тәрбиеленіп өсті. Бірақ, Николай Островский адамзаттық 
құндылықтарға қарағанда, идеологиялық құндылықтарды басым насихаттаған 
автор болатын. Корчагин, яғни автордың өзі сенімнің құлы болған адам, оған 
сенім өріс бермеген. Ал, Немат Келімбетовтің шығармасындағы басты кейіпкер, 
автордың өзі, сенімге берік адам. Бірақ, оның сенімі адамның бойындағы, 
халықтың бойындағы асыл қазыналарға өріс берген. Немат мырза адамды 
имандылыққа, жомарттыққа, кісілікке, адамшылыққа, азаматтыққа тәрбиелесе, 
Павел Корчагин сенімнің құлы болуын насихаттайды. Сондықтан, Немат 
Келімбетовтің шығармалары тарихи, мәдени, әлеуметтік және дүниетанымдық 
жағынан Николай Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» шығармасынан 
әлдеқайда биік туынды.
Бұл шығармаларды ұсынып, оларды терең насихаттау ісі жылдан-жылға өріс 
алатынына мен кәміл сенімдімін. Адам өмірге Немат мырза айтқандай, бақытты 
болу үшін келеді. Бұл жолда бөгеттер көп. Бірақ, соларды жеңу жолдары да көп. 
Сол жолдардың бірін автор «Ұлыма хат» эссесінде және «Үміт үзгім келмейді» 
деген шығармасында айшықты түрде көрсете білген.
Адам дүниеде өмірді жеңу үшін, өр сеніммен келетіні де белгілі. Бұл биік 
нысананы кезінде Қорқыт өзінің дүниетанымының негізіне айналдырған. Ол 
«адамның мақсаты ажалды жеңу емес, өмірді түсінуде» деген, 
яғни өмір сүру 
дегеніміз – өмірді түсіну. 
Немат Келімбетовтің шығармалары осы проблемаға арналған.
14


Бишімбаев У.Қ. Немат Келімбетов – түркі дүниесінің Толағайы
У.Қ. БИШІМБАЕВ
НЕМАТ КЕЛІМБЕТОВ – ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ 
ТОЛАҒАЙЫ
Немат кім? Ол артына не мұра қалдырды? деген сұрақтарға жауап іздеген 
кезімде, жан дүниемде алапат толқыныс пайда болды. 
Немат Келімбетов – жалындап тұрғанда жұлыны зақымдалып, ағаш төсекке 
таңылған, отбасын асырау үшін аудармалар жасаған. Аудармалар жасағанда 
кітап парақтарын тілімен ашқан, анасы қайтыс болғанда туған жері Келеске 
зембілге таңылып келген осы бір жанкешті адамның өткен өмір жолы мен арты-
на қалдырған мол еңбектерін оқығанда менің сонда аңғарғаным Немат 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет