Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


бірінші  аударма жанрында толымды дүние қалдырған адам



Pdf көрінісі
бет11/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

бірінші 
аударма жанрында толымды дүние қалдырған адам.
Оның аударған 10 рома-
ны міне осының жемісі.
Екіншіден, «Қазақ әдебиетінің тарихы» 
Тәуелсіздік тұсында қайта жазы-
лып, 10 том болып басылды. Соның екінші томын осы Немат Келімбетов жазып 
шықты. Оның тарихи негізі де бар еді. 
Үшіншіден, Н.Келімбетов 
– қазақ халқының Исламға дейінгі түркі 
мәдениетін жан-жақты зерттеп, түркілік сілкініс жасаған ғалым. Оған «Қазақ 
әдебиетінің ежелгі дәуірі», «Ежелгі түрік поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі 
дәстүр жалғастығы», «Қазақ әдебиетінің бастаулары», «Шығыстың классикалық 
поэзиясы және қазақ әдебиеті», «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Көркемдік дәстүр 
жалғастығы», «Ежелгі әдеби жәдігерліктер» секілді еңбектері дәлел. Бұл 
еңбектерде дәлелденген түркі халықтарының мәдени мұралары бүкіл түркі 
халықтарының ішіндегі қазақ халқының да орнын анықтап берді. Осы еңбектер 
негізінде Н.Келімбетов – «Тәңірлік дәуір әдебиетін» қалыптастырған, осы ойға 
жол салған ғалым. Сақтардың сонау Евксин теңізін мекен еткен кезінен бастап, 
ежелгі Страбон мен Эсхилді, Эфор мен Геродотты таңқалдырған бабаларымыздың 
ізіне үңіліп, сақтардың қаһармандық дастандарын зерттеді.
Ал, түркітектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар 
негізінде баяндап беретін «Оғыз-қаған» дастанындағы Қыпшақ бек, Қағарлық бек, 
Қаңлылардың ежелгі түркілердің жинақталған бейнелері деп кәнігі шежірешіге 
тән болжам жасайды. Бұл қазіргі таңда ашылып келе жатқан шежірелеріміздегі 
байырғы бабаларымыз бен ру атауларының да жиынтық бейне болғанын, елдің 
тұтастығы үшін ойлап табылған көрегендік амалы екендігін Немат ағамыз өткен 
ғасырдың сексенінші жылдары барлау жасап қойған екен. Әбілғазының «Түрік 
шежіресінде» айтылатын адамзаттың пайда болуы, Оғыздың туылуы, патша 
болуы, Оғыздың өз еліне оралып, жиырма төрт аймақты інілері мен балалары-
на бөліп беруі, таңба мен тамға туралы айтылған ойларға да көркемдік дәстүр 
тұрғысынан талдау беріп, тың тұжырымдар жасады.
15




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет