Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет2/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Номер журнала посвящен 75-летию
 со дня рождения ученого-тюрколога 
Немата Келимбетова 
Dergimizin bu sayısı türkolog alim 
N. Kelimbetov’un doğumunun 75. yıl dönümü 
dolayısıyla armağan edilmiştir.
t
hes issue of the journal is devoted to 
75 years of 
n
emat Kelimbetov, a scientist, 
specialist in 
t
urkic studies 


«ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕЖЕЛГІ ӘДЕБИ ЖӘДІГЕРЛІКТЕРІ 
ЖӘНЕ НЕМАТ КЕЛІМБЕТОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ» 
халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары
5
Б.Т. ЖҰМАҒҰЛОВ 
КІРІСПЕ СӨЗ
Құрметті ғалымдар!
Қадірлі зиялы қауым!
Бүгін «Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері және Немат 
Келімбетов шығармашылығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық 
конференцияға жиналып отырмыз. Конференция тақырыбы өте маңызды. Ерте 
дәуірдегі түркі халықтарының әдеби мұрасын бүгінгі тарихи, мәдени, рухани 
санамыздың сүзгісіне салу біздер үшін аса қажет. Себебі адамзаттың даму үрдісі 
өткенін, бүгінгісін және болашағын біртұтас бірлікте пайымдауымен құнды. 
Кешегі тарих сабағы бүгінгі біздің дамуымыздың жол-жоралғысы, соның табиғи 
логикалық жалғасы.
Ал тарихты, оның рухани келбетін жасайтындар – тарихи тұлғалар, ой-
шыл ғалымдар. Мен өз басым белгілі түркітанушы ғалым, жазушы, ұстаз, көзі 
тірісінде өзім жақсы таныған Немат Келімбетовті сондай тұлға деп білемін. Немат 
ағамыз өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап шығарма жазған жазу-
шы, әдебиет тарихын зерттеген ғалым, шәкірт тәрбиелеген ұстаз ретінде ерен 
еңбек етті. Қазір көркем шығармалары елдің назарында, зерттеулері ғалымдар 
зердесінде, тәлімгерлік еңбегі шәкірттерінің қарым-қабілетімен бірге жасауда. 
Бұл мәселелердің әрқайсысын бүгін ғалымдар кеңінен таратып жеткізер деген 
ойдамын. 
Ал менің алдымен айтқым келетіні – мұратқа жету үшін, үміт жібін үзбей, 
қиындыққа толы өмір соқпағын қайсарлықпен жүріп өткен оның тағылымы мол 
еңбек жолы. Мұны өз басым ерлікке пара-пар деп санаймын. Төсекке таңылған 
сәттерінде де үнемі ізденіс үстінде болған Немат ағамыз ұлтына риясыз еңбек 
етті, ел сенімінің жауапкершілігін мойнынан бір сәт те түсірмеді. Бұл – әрине, 
ұрпақ үшін аса ғибратты дүние. Өз ісіне берілгендіктің, қайсарлықтың үлгісі.
Осыдан да болар, оның зерттеулері қазақ әдебиетінің тарихын сонау көне 
түркі замандарына алып кетті. Демек, тарихымыздағы рухани мұраларымыздың 
қайнар көзін жалпытүркілік негізге апарып тіреді. Сөйтіп, тарихымыздың 
ондаған ғасырлық дәуірімен рухани тұрғыдан қайта табыстық. Бұл – біле-білсек, 
кез-келген ғалымның арманы. Қандай мамандық иесі болса да, ғалым өз сала-
сында осындай еңбек етсе, оның игілігін елі көретін болады. Немат ағамыздың 
игілікті ісін қазір тәуелсіз Қазақстан көруде. Біз сол құндылықтармен ұлт 
келешегін тәрбиелеу үстіндеміз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет