Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет8/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
Мен Сенімнің не екенін, тек бүгін ғана, яғни отыз бес жасқа келгенде әрең 
түсінген сияқтымын.
Енді ой тоқтатып қарасам, адамға ең керегі де осы Сенім екен ғой. Бізді ғұмыр 
бойы, сірә, шаршатпай, шалдырмай, қалжыратпай, ұдайы биік арман асуларына 
бастап отыратын қандай күш екенін білесің бе? Ол – Сенім. Өз күшімізге деген 
Сенім, достарымыздың мейіріміне деген Сенім, ертеңгі күннің бұдан да шуақты 
болатынына деген Сенім. Күн сайын бойымызға күш-қуат құйып, көңілімізге 
шалқар шабыт, жүрегімізге ыстық махаббат сыйлайтын да сол Сенім емес пе?! 
Ең алдымен, адам өзіне-өзі әбден сенімді болуы керек 
(58-б.).
Осы істе Немат Келімбетов өмірі мен шығармашылығы кімге болсын, қай за-
манда болмасын – биік үлгі. Отыз бес жасында мүгедек болып, төсек тартып 
қалған адамды дәрігерлер, жақын-жуықтары адам қатарынан шығарғандары 
шындық болатын. Ол туралы «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологта толық 
баяндалған. Үміт өмір шырағы. Немат өмір шырағын сөндірмеген, соған қуаты 
жеткен. Ол Тағдырымен тайталасқан. Антикалық қаһарман Геркулес тағдырын 
жеңе алмай қуат іздесе, Немат Тағдырды жеңетін күшті – Үміт деп білген. 
Үміт – болашақ, ол отбасының, ұрпағының келешегі, олай болса, мақсат
басты көтеріп, төсектен тұрып, екі аяқпен жер тіреп ғұмыр кешу емес пе?
Ертеде бір бабамыз айтқан екен: «Балпаң-балпаң басарсың, басуға табан шы-
даса» деп. Сол дана айтқандай, Нематтың табаны қара жерді басуға шыдады, 
баянды ғұмыр кешіп, өнегелі өмір сүрді. 
Мен профессор Немат Келімбетовпен 1989 жылы Абай атындағы Алматы 
мемлекеттік университеті филология факультетінде кездестім. Қолында таяғы 
бар, сәл сылтып басатын мейірімді, адамға ілтипатпен қарайтын қара торы, 
бойшаңдау, келісті кісі екен. Оның «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» деген 
әдебиет оқулығымен танысқан болатынмын. Мен ол кезде Немат мырза туралы 
осы университеттің ректоры Тоқмұхамет Садықовтың құдасы дегеннен басқа 
жеке ғұмырынан мәліметім жоқ еді. Уақыт өте келе бұл кісімен жиындарда, кон-
ференцияларда кездесіп, сәлемдесіп жүрдім. Екеуіміздің арамызда жайма-шуақ 
қарым-қатынас орнады. Біріміздің жазғанымызды біріміз оқып жүрдік. Бірте-
бірте бұл кісінің жеке басының қиын тағдыры туралы хабардар бола бастадым. 
Бақыт деген таза ауа сияқты, оның қадірін әрдайым сезіне бермейсің. Немат 
мырзаның басына іс түскенде таза ауа, рухани қуат қажет болды, осы күшті ол 
адал жары Қуаныштан тапты. Ол кісі ерен еңбегі әрі шексіз сүйіспеншілігімен 
кең дүниесі тарылып, тұншыққандай болып жатқанда таза ауасына айналды. 
Бұл нағыз бақыт, басқа қонған бақ болатын жағдай еді. Сөзімнің дәлеліне Не-
мат жазушының «Үміт үзгім келмейді» монолог-хикаятындағы баян мысал бола 
алады. 
Өмір сүруге деген құштарлыққа мағына, мазмұн, мән беру үшін қажетті 
қуаттар: тәуба, қанағат, сабыр және төзім. Алдыңғы үшеуі рухани қуаттар, 
ал ең қиыны тән азабына қатысты – төзімділік. Қиынға төзу айтуға жеңіл, іс 
жүзінде адамды бордай егіп, жасытып жіберетін жағдай, осы төзімділікке 
12




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет