Абдиева П.М. Ұлттық эпостағы диалогтың көркемдік қызметі Мұндай жерлер қаһармандардың ішкі әлемін ашуға, тартыстың табиғатын
түсінуге септеседі. “Бозжігіт” жырында жар-жар, көңіл айту, естірту, жұбату,
қоштасу, жоқтау, айтыс жанрлары қиюласып, өзгеше сапа құрайды” – деп жазған
[5, 137 б.].
“Сүйініш”, “Парпария”, “Алпамыс”, “Қобыланды батыр”, “Қыз Жібек” жыр-
ларында батырдың жолға шығуына негіз болып отырған диалогты туғызушылар
Баба түкті Шашты Әзіз және кемпір, Нұр, Қаршыға. Тек, бұл жердегі диалог
негізгі кейіпкердің бірін – ел қорғау үшін жолға шығарса, екіншісі – қалыңдық
іздеуіне себеп туғызып отыр. Тағы бір айта кететін жәйт, батыр қай кезеңде
де аңғал келеді. Оның қасында аңғалдығын басып отыратын, ақылына ақыл
қосатын бірнеше көмекшілері (жары, досы, аты, құсы) мен аңғалдығын пайда-
ланып, батырға қулық-сұмдық ұйымдастыратын дұшпандары (мыстан, перілер,
қалмақтар т.б.) да жүреді. Олардың бас қаһарманға айтқан сөздері, диалогтары
бірнеше оқиғаның тууына себепші болады. Бұны әсіресе “Қарасай, Қази”, “Ал-
памыс”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Шора батыр”, “Орақ, Мамай”, “Шынтас
ұлы Төрехан” жырларынан көре аламыз.
Кейде диалогтардың осындай қастық әрекеттерге қызмет ететіндігі де осы
жерде байқалады. Әрине, бұл оқиға өрбітушілік қызметтің бір түрі ғана.
Жырда бас қаһарманның жары ақылды, өзгеден ерек мінездерімен көрінетіні
белгілі. Ол, әсіресе, сұхбаттасу кезінде айқын байқалады. Жалпы бұлардың
психологиялық әрекеттері жырда байқала бермегенімен, ол диалог нәтижесінде
жүзеге асып отырады.
Ә.Қоңыратбаев “Қобыланды батыр” жыры туралы пікірінде: “Жырдың
суреттеу тәсілінде хикаялау, сипаттау, сөйлету (монолог) аралас келеді...
Жырда баяндау аз да, сөйлету көбірек” – дейді [6, 156 б.]. Ғалым бұл жер-
де кейіпкерлердің ұзақ сөздерін “монолог” деп береді [6, 172 б.]. Шынында,
Естеміс пен Құртқаның, Қараман мен Қобыландының арасындағы әңгімелер
ұзақ өлең жолдарынан тұрады. Дегенмен, оның соңында жауаптың бар екенін де
ұмытпаған жөн шығар. Жалпы Ә.Қоңыратбаев диалогтан гөрі монологқа ерекше
мән берген. Қай жырдың тіліне талдау жасаса да монологты ерекше атап оты-
рады. Мысалы: “Монолог геройлардың ішкі ой-сезімдерін, қуаныш-қайғысын
білдіреді. Тыңдаушы әрбір геройдың ішкі жан дүниесін көріп тұрғандай болады.
Эпостық жырдың ең бір қызықты, әсерлі жері – осы монологтар. Монолог адам-
ды тірілтіп, көз алдыңа келтіреді” – деп, аса ыждаһаттықпен түсіндіреді [6, 172
б.]. М.Әуезовтің кейіпкерді “сөйлету” тәсілін Ә.Қоңыратбаевтың “монолог” деп
атауы сондықтан болса керек. Жырда ұзақ диалогтар кездесіп отырады. Оны біз
монолог дей алмаймыз. Мысалы: Алпамыс жырында да Гүлбаршынды іздеп
барғанда, болашақ жарымен ең алғаш тілдескенде, оның қалыңдығы батырды
қандай қатер күтіп тұрғанын былайша ескертеді.
“Айналайын, қарағым,
Құтты болсын талабың!
Алла тағала жар болып,
137