АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012 сияқты неше алуан көңіл жайымен өлеңді өрнектер өздерінің салт жырларын-
да келетін түр-түрімен осы сөйлету тұсында көрінетіні, бұлардың жырдың
мазмұнын кеңейтіп, көңілге қонымды етіп шығаруға мүмкіндік бергені туралы
М.Әуезов тұжырымының эпостың барлық түрлеріне тікелей қатысы бар. Бұдан,
диалогтардың үлес салмақтары қаһармандық жырлардан гөрі ғашықтық жыр-
ларда мол екені байқалады.
Ғашықтық жыр үлгілерінде ғибрат беру сарыны күшті екендігі, бұл туын-
дыларда өмірдің нағыз шындығы, қайшылығы суреттелетіні, бейнеленген
адамдардың мінез-құлқы шынайы тұрмыстан алынғаны, кейіпкерлерінің бір
парасы жамандықтың үлгісі болса, екінші парасы жақсылықтың үлгісі болып
көрсетілетіні белгілі. Осындай көркемдік міндет үдесінен шығу үшін диалогқа
да артылған жүктің де аса зор екені мәтіндерді талдау барысында айрықша назар
аудартады. Сонымен қатар диалогтардан халықтық дүниетаным, наным-сенім де
айқын көрініс береді.
Кейіпкерлердің тілдесулері қаһармандық жырлар мен ғашықтық жырларда
композицияның кез-келген құрылымдық бөлігінде шешуші рөл атқарады.
Жырдағы негізгі кейіпкердің дүниеге келгенге дейінгі оқиғасы, сапарға шығу
себебі барысындағы әңгімелер, кейіпкерлердің қақтығысы, бір-бірімен сұхбаты,
жырдағы қыздардың сөзі, ғашықтық сезімдер, қызғаныш, батырлардың ерегісі,
айтысы, психологиялық күйзелістер, қарғыс – барлығы дерлік диалог арқылы
жүзеге асып отыратынына көзіміз жетті.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. Әзібаева Б. Кіріспе мақала // Шеризат-Гүлшат. Ғылыми басылым. Томды
құрастырып, кіріспе мақала мен ғылыми түсініктемелерін жазған Б.Әзібаева.
– Алматы, 2001. – 296 б.
2. Рақымов Б.С. Тарихи жырлардың поэтикасы. Филол.ғ.канд.ғыл. дәр. алу
үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2000. – 298 б.
3. Қазақ фольклорының поэтикасы. – Алматы: “Ғылым” ғылыми-баспа
орталығы, 2001. – 250 б.
4. Әзібаева Б. Қазақ дастандары. – Алматы: “Баспалар үйі” акционерлік қоғамы,
2009. – 288 б.
5. Бердібаев Р. Қазақ эпосы (жанрлық және стадиялық мәселелер). – Алматы:
Ғылым, 1982. – 232 б.
6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және тюркология. – Алматы, 1987. – 368 б.
7. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы: Санат, 1996. – 195-
196 бб.
8. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. Т.1. Қазақ фольклорының тарихы. –
Алматы: Қазақпарат, 2008. – 812 б.
9. Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері (Түс көру,
бейвербалды ишараттар, заттық әлем). – Алматы: Алаш, 2003. – 328 б.
140