Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет127/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
эпос пен ғашықтық жырларда батыр дүниеге келгенге дейінгі сюжеттің дамуына 
кейіпкерлер арасындағы диалогтар себепші болады.
“Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” жырының Шөже нұсқасында оқиғалардың да-
муына диалогтың зор серпін беретіні байқалады. Бұл трагедияның басталуы-
на екі жас тумастан бұрын олардың әкелерінің құдалық жөнінде уағдаластық 
жасағаны себеп болады.
Жырдың жазбаға түскен барлық нұсқаларында осы мотив ауыспастан, ұдайы 
қайталанып отырады. Барлығында да Қарабай мен Сарыбай екеуі уағдаласады. 
Жырдың дамуы екі ата сертінің болашақ ғашықтардың өміріне тікелей әсер 
етуінен бастау алады. Бірақ сол серттің бұзылуы трагедияға ұласады. Серт 
міндетті түрде диалог арқылы жасалады. Ант, серт, уағдаласу жалғыз кейіпкердің 
еншісіндегі дүние емес, ол екі немесе бірнеше адамның қатысуы арқылы жүзеге 
асады. Бұл жерде ант, серт, уағдаласу мағынасындағы диалогтар халықтың са-
насында осы сөздердің үлкен орын алатындығын, сонымен қатар оның бұзылуы 
үлкен трагедиялық жағдайға апаратынын көрсетіп отыр.
Дастандық туындылардың көбінде диалог кездеседі, мысалы “Бозжігіт”
дастаны туралы Б.Әзібаева: “Кейіпкерлердің атынан айтылатын лирикалық 
монолог, диалогтардың шығарма сюжетін әрі қарай дамытудағы рөлі ерекше, 
ал көркемдік, эстетикалық құндылығын сөз ететін болсақ, оларды сөз өнерінің 
жарқын үлгілері деп бағалауға болады” – дейді. [4, 36 б.]. Бұл орынды айтылған, 
дәлелді пікір. Мысалы, Қарашаш сұлу Бозжігітті іздеп жалған тойға келіп, тойда 
отырған біреумен диалогқа түседі. Дастанда осындай диалогқа құрылған тұстар 
көп кездеседі.
Талдау барысында диалог хикаялық я әскери дастандардан гөрі, көбіне,
ғашықтық және діни дастандарда жиі кездесетініне көз жеткізілді. Б.Әзібаева 
көрсеткендей, ғашықтық дастандардың көбіне “сырттай ғашық болу” мотиві 
тән, яғни қыз бен жігіт бір-бірін түсінде көріп ғашық болады, я бір-бірінің 
суретін көріп, я біреуден естіп сырттай ғашық болады т.б. Осылардың ішінде 
біздің тақырып үшін қызығы – түс көру мотиві, себебі түс көрген қыз бен жігіт 
екеуара диалогқа түседі. Сондай қыз бен жігіттің түсінде көріп, ғашық болып 
сұхбаттасқан жастардың мысалын жоғарыда айтқан “Бозжігіт” дастанынан 
көреміз. Діни дастандарға жататын “Бозторғай”, “Киік” дастандары да диалогқа 
құрылған қызықты шығармалар. 
Атап айтатын жәйт – діни дастандарда кейіпкерлермен диалогқа түсіп 
сұхбаттасатындар – Алла Тағаланың сөзін, бұйрығын жеткізуші Жәбірейіл 
періште, Иса пайғамбар, қубас (бассүйек), түрлі аң, құстар т.б. болатыны анық.
Жырдың типологиялық ұқсастықтары арқылы диалог көрінісінің де қызметі 
байқалды. “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу”, “Таһир – Зухра”, “Алпамыс” жырындағы 
диалогтардың ұқсастығы арқылы типологиялық байланыс бар екендігін айта 
кетуіміз шарт. 
Бұл туралы Р.Бердібай: “Романдық эпоста ауыз әдебиетінің түрлі жанрларының 
бас қосуы жиірек ұшырайды. Әсіресе айтыс формасы мол кездесетінін көреміз. 
136




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет